1-тапсырма. Үзіндіні мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. «...Ораздың бір мергендігін былайша сипаттасады жұрт: тағы бір жазда, ел жайлауда отырғанда той болады. Тойда жиналған жұрт, көлдің жағасындағы көк майсаға отырып, алдарына табақ тартылған кезде, аспанның биігіне шығып ап, бір бозторғайды қуып жүрген тұрымтайды көреді. Тұрымтай әлденеше рет шалып, іле алмайды. Тұрымтай шалған сайын бозторғай биіктеп ұша береді. Бозторғайды аяған жұрт «бұ бейшара неге төмен қарай ұмтылмайды, неге жоғарылай береді» десе, «төмендесе-ақ қағып түспей ме тұрымтай, соны біліп жоғарылап барады» дейді. Аздан кейін бозторғайдың екпіні бәсеңдеп, тұрымтайдың күшейе бастағанын көреді жұрт. « Апыр-ай енді шалады-ау, бейшараны!...» деп аяған жұрт шуласа бастаған кезде, жиынның арасынан мылтықтың даусы гүрс ете қалады. Со кезде торғайды iлгелі жүрген биіктегi тұрымтай қан көбелек ойнап төмен қарай құлдырай құлайды. Жұрт «не болды бұған? деп таңданса, тұрымтайды атып түсірген Ораз екен!..»(126 сөз) С. Мұқанов «Саятшы Ораз»​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.