1-тапсырма. Берілген тірек сөздерді мұқият оқы. Тірек создер мен жоспарды
пайдаланып, 《домбыра – ұлттық аспап》 деген тақырыпта монолог кұрап
жаз. Тірек создер қасиетті аспап, үні жағымды, кең таралған, күй, терме,
Ұрпакка мирас, ұрттык енерді насихаттаушы, ұлттық болмысты бейнелен
символ, ұлттық музыка өнерінің жаршысы.
Жоспар:
1. Қазақ халқының көне аспабы
2. Домбыранын қолданысы
3. Домбыра – ұлттык символ ПОМОГИТЕ ПЖ!!! СРОЧНО!!!!
Answers & Comments
Ответ:
Домбыра – ұлттық аспап
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі, үні жағымды, қасиетті музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, кең таралған өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі. Өткен жүз жылдықта ұлы халық композиторы Құрманғазымен бірге Дәулеткерей, Тәттімбет, Сейтек, Байсерке, Қазанғап секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер бір ғажап күй де шығарған шын мәніндегі өнер иелері. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің басты символы әрі ұлы аспабы домбыра екендігі сөзсіз. Онсыз бірде–бір шара өтпейді. Көшпенділер заманында да, қазіргі заманда да солай. Шертпелі, екі ішекті аспап түрлі мамандық иелерінің, діні мен ұлты басқа жандардың басын қосады. Домбыраның күмбірлеген дыбысы терең ой-толғауларды сөзден артық жеткізе алады.
Объяснение: