тжб помогите пж
Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады.
Патша жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтынға шығатын еді. Шаруа патшаның таң қалғанына қарап:– Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін. Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын, – дейді. Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді.
Ақкөңіл диқан күлімсіреп: Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенімде мынаны айтпақшы болдым. Бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда, олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтажыма жұмсаймын, – дейді.
Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Ол намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алды. Балалары да ер жеткен соң ата-анасына, халқына да қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіпті деседі.
1)Патша неліктен таңғалды?
а)жұмбақтап айтқан жауабына
в)жалданып еңбек ететіндігіне
с)еңбек акысының тым аздығына
д)егістік жердің өзгенікі екендігіне.
2)Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын мәтелді анықта
а)не ексең соны орасың
в) қанағат карын тойғызар
с)еңбегі көптің өнбегі көп
д)ханда қырық кісінің ақылы бар
3) мәтіңге ат қой
Answers & Comments
Ответ:
1) с) еңбек акысының тым аздығына.
2) в) қанағат карын тойғызар
3) Мәтінге ат: Диқанның қанағатшылдығы.