1-жаттығу. Төменде берілген сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.
Адамның үш жұрты және жеті ата.
- Апа, қазақта «Әр адамның үш жұрты бар» - дейді ғой. Ол не деген сөз?
- Үш жұрт деген: бірінші - өз жұрты (әкеңнің туыстары), екінші - нағашыларың (олар анаңның туыстары), үшінші – қайын жұрт (ол болашақ әйеліңнің туыстары немесе қыз балаға – күйеуінің туыстары).
- Енді түсіндім. Рақмет.
- Ал, сен жеті атаңды білесің бе?
- Жоқ, білмеймін.
- Онда біліп ал. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген сөз бар қазақта.
2-жаттығу. Мына сөздерге тиісті тәуелдік жалғауын жалғаңыз.
Менің ел..., оның ана..., сіздің арман..., біздің ауыл..., сенің келбет..., олардың есеп..., сіздердің болжамдар..., менің қолғабыс..., сіздің көмег..., сендердің кесімдер..., олардың мақсаттар..., біздің берер..., оның бала....
3-жаттығу. Бос орындарға тиісті сөздерді тауып қойыңыз.
Менің отбасым . Олар тұрады. Әкем – фирманың бас . болып жұмыс істейді. Шешем – бөлім . Менің үлкен ағам тұрады. Ал сіңілім 5-сыныпта
Answers & Comments
Ответ:
2-жаттығу
Менің елім , оның анасы , сіздің арманыңыз , біздің ауылымыз , сенің келбетің ,олардың есептері , сендердің болжамдарың , менің қолғабысым , сенің көмегің , сендердің кесімдерің , олардың мақсаттары , біздің береріміз , оның балалары .
3-жаттығу
Менің отбасым үлкен.Олар тату тұрады .Әкем фирманың бас фермері болып жұмыс істейді. Шешем - медицина бөлімінде . Менің үлкен ағам жатақханада тұрады .Ал сіңілім 5-сыныпта .