1-жаттығу. Төменде берілген сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар.
Адамның үш жұрты және жеті ата.
- Апа, қазақта «Әр адамның үш жұрты бар» - дейді ғой. Ол не деген сөз?
- Үш жұрт деген: бірінші - өз жұрты (әкеңнің туыстары), екінші - нағашыларың (олар анаңның туыстары), үшінші – қайын жұрт (ол болашақ әйеліңнің туыстары немесе қыз балаға – күйеуінің туыстары).
- Енді түсіндім. Рақмет.
- Ал, сен жеті атаңды білесің бе?
- Жоқ, білмеймін.
- Онда біліп ал. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген сөз бар қазақта.
2-жаттығу. Мына сөздерге тиісті тәуелдік жалғауын жалғаңыз.
Менің ел..., оның ана..., сіздің арман..., біздің ауыл..., сенің келбет..., олардың есеп..., сіздердің болжамдар..., менің қолғабыс..., сіздің көмег..., сендердің кесімдер..., олардың мақсаттар..., біздің берер..., оның бала....
3-жаттығу. Бос орындарға тиісті сөздерді тауып қойыңыз.
Менің отбасым . Олар тұрады. Әкем – фирманың бас . болып жұмыс істейді. Шешем – бөлім . Менің үлкен ағам тұрады. Ал сіңілім 5-сыныпта
Answers & Comments
Ответ:
2 жат. Менің елім, оның анасы, сіздің арманыңыз, біздің ауылымыз, сенің келбетің, олардың есептері, сіздердің болжамдарыңыз, менің қолғабысым, сіздің көмегіңіз, сендердің кесімдеріңіз, олардың мақсаттары, біздің береріміз, оның баласы.
3 жат. Менің отбасым үлкен. Олар қалада тұрады. Әкем - фирманың бас директоры болып жұмыс істейді. Шешем - бөлім басшысы. Менің үлкен ағам бізден бөлек тұрады. Ал сіңілім 5-сыныпта оқиды.