Қоғамдағы ең бағалы адам – ол әдепті адам. Әдепті адамдар-қоғамның баға жетпес байлығы әрі мәртебесі. Қай қоғамда да әдеп жолға қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары , тұрмысы да бақуатты болмақ
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақсүтін бере лтырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.
Әдептілік адам бойындағы ең қымбат қасиет. Әдепті адам еш қашан дөрекі сөйлемейді, дауыс көтермейді, ұрыс- жанжал шығармайды, Барлығын ақылмен шешеді. Әдепті адам өзін өзгеден жоғары санамайды. Әдепті адам өтірік айтпайды. Әдепті адамның бойында ар-ұят бар. Ар-ұят адамдықтың белгісі. Әдепті адам ар-ұяттан ешқашан аттамайды. Ол мейірімді, саналы, салаутты болады. Өзінен өтінбесе ұятты адам өзгенің ісіне араласпайды. Ұятты адам өз арын байлықтан жоғары бағалайды. Ешқандай ақшаға, байлыққа қызықпайды. Мәселенің бәрін ақылмен шешеді.
Әдепті адамның киім киісі, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, қимыл, қозғалысы әдепсіздерден басқаша. Біз әрқайсымыз әдепті болуға ұмтылайық. Ар-ұяттан аттамайық. Адалдықты, адамгершілікті өміріміздің ерекше символы ретінде сақтайық. Жас ұрпақты тал бесіктен әдептілікке баулып, тәрбиелейік. Оларға өзіміз әдептілігімізбен үлгі бола білейік. Әдепті, ар-ұятты адам ел тірегі. Ол адал дос, аяулы азамат.
Answers & Comments
Ответ:

Әдеп
А. Естенов
Әдеп, ізет, иба да - Әдеп - алтын сабырың,
Шарайнасы жаныңның. Жетелейтін мұратқа.
Әдептіні сыйла да, Әдеп - талап, жалының,
Тәңіріңдей табынғын. Ақ желкенін құлатпа.

Объяснение: