Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас...»- Абайдың 1902ж. жазған өлеңі. Әрқайсысы 4 тармақты 3 шумақтан тұрады. Ұлы ақын қызықта, қызу қандылық та бір ғана жүректе дейді. Әсіресе «жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас» деген жолда өмірдің терең философиясы жатыр. Теңізде не болмайды, асыл маржан да, інжу таста, меруерт те - бәрі сонда. Жүректе жасық, жаман нәрсенің болуы мүмкін емес. Өйткені ол асылдың асылы, қаси еттінің қасиеттісі. Жалыны оттай жайнаған достық та, амал-айласы бұқпантайлап жасырынған қастық та бір ғана жүректің әмірімен болмақ. Жүрек - адам мүшесінің патшасы, ол - шындықты сүйетін әділ патша. Оған жалған көлгірсу, өтірік сөйлеу, уәдені бұзу, жазықсыз жанның сыртынан өсек айтудың бәрі жат. Соңдықтан жүрекке шын берілген көңіл, шынайы достық, айнымас махаббат, нәзік сөзім, сүттей ұйыған ауыз бірлік, ағайын арасының балдай татулығы қажет. Жүрек - тау бұлағыңдай таза, аспан жүддызындай мөлдір. Бір сөзбен айтқанда.жүрек дегеніміз шыңдықты шырқырап жырлайтын әлсіз, қорғансыз бұлбұл. Туынды 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш 1909ж. С.-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайүғылының өлеңі» деген жинақта жарияланды. Өлең басылымдарында бір ғана текстологиялық өзгеріс бар. 1909,1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда 2-шумақтың З-жолы «Ар мен ұят сенбесе, өзге қылық» деп берілсе, 1957, 1977 жылғы жинақтарда бұл жол Мүрсейіттің 1905, 1907 жылғы қолжазбалары негізінде «Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық» деп алынған. Туынды ағылшын, араб, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған.[1
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: