«Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады» деген біздің тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев.
Мен алтын күмбезді көгімде қыран құсты байрағы желбіреген және айбарлы әнұраны асқақтаған, даңқты Қазақстанымның бақытты ұланы екенімді мақтан тұтамын.
Телегей теңіз жылдарда бодандықты бастан кешіріп, сұм соғыстың қиыншылығы мен тауқыметін де тартып, сыңыр саясаттың құрығына да түсіп қаншама қиналды десеңізші?! Мінеки, туған елім небір сұрапыл оқиғалар мен жағдайларды бастан кешсе де, мойынсұнбай әлем картасыннан ойып тұрып керегесі мықты «Қазақстан» деген мемлекет орын алды.
Қазақ елі қайсарлы да батыл, айбатты да асқақ елдердің бірі. Осындай еңсесі іргелі, тұғыры нық, ырыс пен ынтымағы, береке мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екенімді мақтаныш етемін.
Ата-бабамның қажыр қайсарлығынан қуат, өрелі өшпес сөздерінен өнеге, тағылымды тәрбиесінен тәлім, батылдығынан бойымыма жігер жинаймын. Сонда мен елімнің ьатыл қыраны боламын. Болашақтың іргесін мен және сен секілді туған елімнің ұландары құратын болсақ, әлемде қазақ елінен мықты ел болмас.
Answers & Comments
Ответ: