Мәтінді мұқият тыңдап, үзілген тұсынан өз ойыңды жазып, мәтінді аяқта.
Мамандық – адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапты және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Мамандық саналы қадам, оған барлық уақыт пен күш жұмсалады. Әр адам үшін мамандық таңдау қиын және жауапты қалам болып табылады. Мамандық таңдау адамның қызығушылығына, қабілеттеріне және мінез ерекшеліктеріне байланысты. Мамандықтың көптеген түрлері бар: дәрігер, мұғалім, экономист, дизайнер және тағы мыңдаған түрлері. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе...
Answers & Comments
Ответ:
Таңдаған мамандық адамның өз көңілінен шығу керек . Егер мамандық адамның көңілінен шықпаса, болашақта бұл мамандықпен айналасу қиын болады . Сондықтан адам өз болашағын ойлай отырып дұрыс қадам жасауы қажет .