almazdarkenbaj58
Қылышымен қорғап байтақ даласын, Бір жаратқан артық еткен бағасын Мен қазақпын мекен еткен осынау, Алтай менен Атыраудың арасын. Р. Зайытов Ғасырлардың сан мыңдаған көшіндегі қазақ халқының даму тарихы өзгеше. Азаттықтың ауыр жолында тағдырлары өлшеусіз күреспен өткен қазақ ұлтының жанының тек еркіндікті аңсауы да осыдан болар. Ұшы қиыры жоқ кең далада көсілген, емін-еркін өмір сүріп сол даланың тарланына айналған қазақ үшін дархан даласынан артық қымбат не болсын?! Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қанат қағып, қалықтап ұшқан сәтінде өзін қалай еркін сезінсе, табиғат берген жаратылысына сай тіршілік етсе, сол табиғаттың ажырамас бөлігі адам да дәл солай тумысынан еркіндікті аңсайды, азат өмір сүруге құштар. Алайда қазақ ұлтының тағдыры еркін өмірге қиян-кескі күрес пен көптеген құрбандықтың арқасында ие болды. Қазақ ұлты тарихында өлшеусіз қиындықты басынан өткерді, аяусыз езгіге ұшырады. Азғындардың озбырлығына тап келіп, билік үшін тартысқан жандардың кәріне ілінді.Тарихтың өткен беттері қазақ үшін ұлты жолында құрбан болған арыстарының қанымен жазылып, жасымен жаңғырды. Дегенмен «тәуелсіз» деген ұлы атауға ие болу үшін, «қазақ» деген атына сай болу үшін талпынды, осы жолда күресті һәм өз жандарын құрбан етті.Талай боздақтарымыз халқын бостандық таңына жеткізуді армандап, сол жолда шәһит болды. Ұлтымызды түп тамырымен жою мақсатында жасалған түрлі әккі әрекеттер, саясатта орын алған қу тірліктер ұрпақ санасына жойқын соққы бергенімен халқымыздың діні мен тілін жоюға шамасы жетпеді. Жұбан Молдағалиев атамыздың: Мен – қазақпын, биікпін байтақ елмін, Қайта тудым , өмірге, қайта келдім. Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске- Айта бергім келеді, айта бергім! деген өлеңі тәуелсіздігіміздің айқын белгісі іспеттес. Бабалар аңсаған ұлы арманның арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз шуағымен бүкіл қазақ елін нұрландырды. Міне, биыл азаттықтың ақ таңының атқанына еңселі 23 жыл. Бұл жылдардың ішінде қазақ елінің жеткен жетістіктері жетерлік. Қазақ елі достығы мен бірлігі жарасқан әлемге танылған бейбіт елдің біріне айналды. Қазақ халқының осы ұлы жеңісін дүние жүзі мойындады. Бостандықтың белгісі ретінде Сарыарқаның төрінен тәуелсіз елдің тұңғыш асқақтаған астанасы бой түзеді. Бұл елбасының ойға алған ұлы табыстарының бірі болды. Сәулеті мен дәулеті жарасқан еңселі елордаға әлем халықтары «Бейбітшілік қаласы» деген атау берген болатын. Тәуелсіз ел екендігімізді дәлелдейтін мемлекеттік нышандар да халқымыздың қадір тұтып қастерлейтін құнды дүниелерінің бірі. Мемлекеттік Ту мен Елтаңба 1992 жылдың маусымында бекітілсе, Мемлекеттік Әнұран 2006 жылы қабылданған болатын. Тамыры тереңдерден бастау алатын бұл нышандардың мәні мен маңызы ерекше. Бабаларымыздың жорыққа аттанғанда туды ең алдыңғы шепте көтеріп шығуы да тегін емес. Елге белгілі батыр адамдар ғана туды ұстау мәртебесіне ие болып, оның айбарлы рухына жауапты болған. Бәлкім, осыдан болар шайқас алаңында жаудың көзін жою емес, оның туын құлату жеңістің белгісі саналған. Елдің таңбасы да дәл осындай құрметке ие. Оны тек лауазымды адамдар мен хан ғана тиісті дәрежеде пайдаланған. Ту мен елтаңбаның тарихы хандық дәуірде де ерекше құрметке бөленіп, оны тегіс жұрт қадір тұтқан. Бүгінгі ұрпақтар да осыны санасына сіңірсе екен. Елдің ұлылығын дәріптейтін асыл бейнелер барда, елдің келбеті анық, келешегі кемел. Көк туым тербеп көкті аспанымда , Елтаңбам тұрса биік асқарымда. Әнұраным әр жүректі тербегенде, Мен бақытқа бөленемін қас қағымда! – деп жүректі тербеткен рәміздердің құдіретінің киесі де, иесі де – қазақ. Сондықтан да оны еңкейген кәрі мен бесіктегі нәрестеге дейін ұлықтау - қасиетті борыш. Қазақ Елі! Әрдайым әр қазақтың жүрегінде жалындаған ұлы есім. Тарих тереңіне үңілсек дәл осы есім қазақтарға қастерлі болған қымбат дүние еді. Дүрбелеңі мен зобалаңы көп Кеңес Одағының отарына айналдық, жерімізге жан-жақтан сансыз ұлт өкілдері қоныстандырылды , кесапаты көп озбырларды айдауға әкелді , сөйтіп қазақтың жазира даласы бір мезетте күңіреңкі қалыпқа еніп, лагерьге айналды. Осы оқиғалардан кейін тарихтың келесі толқыны «Қазақстан» атты мемлекетпен толықты. Яғни, Қазақстан көп ұлтты бауырына басқан үлкен жанұяға айналды. Бірақ қазақи құндылықтарға бай, естілу сазы мен айтылу назы бөлек «Қазақ Елі» атауы қайта жаңғырса, онда қазақ халқы нағыз қазақи сарында болар еді. Бұл елбасының ұсынысы болатын
Answers & Comments
Бір жаратқан артық еткен бағасын
Мен қазақпын мекен еткен осынау,
Алтай менен Атыраудың арасын.
Р. Зайытов
Ғасырлардың сан мыңдаған көшіндегі қазақ халқының даму тарихы өзгеше. Азаттықтың ауыр жолында тағдырлары өлшеусіз күреспен өткен қазақ ұлтының жанының тек еркіндікті аңсауы да осыдан болар. Ұшы қиыры жоқ кең далада көсілген, емін-еркін өмір сүріп сол даланың тарланына айналған қазақ үшін дархан даласынан артық қымбат не болсын?! Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қанат қағып, қалықтап ұшқан сәтінде өзін қалай еркін сезінсе, табиғат берген жаратылысына сай тіршілік етсе, сол табиғаттың ажырамас бөлігі адам да дәл солай тумысынан еркіндікті аңсайды, азат өмір сүруге құштар.
Алайда қазақ ұлтының тағдыры еркін өмірге қиян-кескі күрес пен көптеген құрбандықтың арқасында ие болды. Қазақ ұлты тарихында өлшеусіз қиындықты басынан өткерді, аяусыз езгіге ұшырады. Азғындардың озбырлығына тап келіп, билік үшін тартысқан жандардың кәріне ілінді.Тарихтың өткен беттері қазақ үшін ұлты жолында құрбан болған арыстарының қанымен жазылып, жасымен жаңғырды. Дегенмен «тәуелсіз» деген ұлы атауға ие болу үшін, «қазақ» деген атына сай болу үшін талпынды, осы жолда күресті һәм өз жандарын құрбан етті.Талай боздақтарымыз халқын бостандық таңына жеткізуді армандап, сол жолда шәһит болды. Ұлтымызды түп тамырымен жою мақсатында жасалған түрлі әккі әрекеттер, саясатта орын алған қу тірліктер ұрпақ санасына жойқын соққы бергенімен халқымыздың діні мен тілін жоюға шамасы жетпеді. Жұбан Молдағалиев атамыздың:
Мен – қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым , өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске-
Айта бергім келеді, айта бергім!
деген өлеңі тәуелсіздігіміздің айқын белгісі іспеттес.
Бабалар аңсаған ұлы арманның арайлы таңы 1991 жылы 16 желтоқсанда өз шуағымен бүкіл қазақ елін нұрландырды. Міне, биыл азаттықтың ақ таңының атқанына еңселі 23 жыл. Бұл жылдардың ішінде қазақ елінің жеткен жетістіктері жетерлік. Қазақ елі достығы мен бірлігі жарасқан әлемге танылған бейбіт елдің біріне айналды. Қазақ халқының осы ұлы жеңісін дүние жүзі мойындады. Бостандықтың белгісі ретінде Сарыарқаның төрінен тәуелсіз елдің тұңғыш асқақтаған астанасы бой түзеді. Бұл елбасының ойға алған ұлы табыстарының бірі болды. Сәулеті мен дәулеті жарасқан еңселі елордаға әлем халықтары «Бейбітшілік қаласы» деген атау берген болатын.
Тәуелсіз ел екендігімізді дәлелдейтін мемлекеттік нышандар да халқымыздың қадір тұтып қастерлейтін құнды дүниелерінің бірі. Мемлекеттік Ту мен Елтаңба 1992 жылдың маусымында бекітілсе, Мемлекеттік Әнұран 2006 жылы қабылданған болатын. Тамыры тереңдерден бастау алатын бұл нышандардың мәні мен маңызы ерекше. Бабаларымыздың жорыққа аттанғанда туды ең алдыңғы шепте көтеріп шығуы да тегін емес. Елге белгілі батыр адамдар ғана туды ұстау мәртебесіне ие болып, оның айбарлы рухына жауапты болған. Бәлкім, осыдан болар шайқас алаңында жаудың көзін жою емес, оның туын құлату жеңістің белгісі саналған.
Елдің таңбасы да дәл осындай құрметке ие. Оны тек лауазымды адамдар мен хан ғана тиісті дәрежеде пайдаланған. Ту мен елтаңбаның тарихы хандық дәуірде де ерекше құрметке бөленіп, оны тегіс жұрт қадір тұтқан. Бүгінгі ұрпақтар да осыны санасына сіңірсе екен. Елдің ұлылығын дәріптейтін асыл бейнелер барда, елдің келбеті анық, келешегі кемел.
Көк туым тербеп көкті аспанымда ,
Елтаңбам тұрса биік асқарымда.
Әнұраным әр жүректі тербегенде,
Мен бақытқа бөленемін қас қағымда! –
деп жүректі тербеткен рәміздердің құдіретінің киесі де, иесі де – қазақ. Сондықтан да оны еңкейген кәрі мен бесіктегі нәрестеге дейін ұлықтау - қасиетті борыш.
Қазақ Елі! Әрдайым әр қазақтың жүрегінде жалындаған ұлы есім. Тарих тереңіне үңілсек дәл осы есім қазақтарға қастерлі болған қымбат дүние еді. Дүрбелеңі мен зобалаңы көп Кеңес Одағының отарына айналдық, жерімізге жан-жақтан сансыз ұлт өкілдері қоныстандырылды , кесапаты көп озбырларды айдауға әкелді , сөйтіп қазақтың жазира даласы бір мезетте күңіреңкі қалыпқа еніп, лагерьге айналды. Осы оқиғалардан кейін тарихтың келесі толқыны «Қазақстан» атты мемлекетпен толықты. Яғни, Қазақстан көп ұлтты бауырына басқан үлкен жанұяға айналды. Бірақ қазақи құндылықтарға бай, естілу сазы мен айтылу назы бөлек «Қазақ Елі» атауы қайта жаңғырса, онда қазақ халқы нағыз қазақи сарында болар еді. Бұл елбасының ұсынысы болатын