2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіздер:



Домбыра - қазақ халқының өте ерте және, нағыз табиғи ұлттық. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Аспап әр түрлі үлгіде. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді. Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді. Домбыра аспабының негізгі екі түріне байланысты аспапта күй орындаудың екі түрі «төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптасқан. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал батыс аймақтарда кең таралған. Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, шіңкілдек немесе «Балақай домбыра» деген түрлері бар. Домбыра аспабында ғана емес, батыс және шығыс, танымал туындыларын орындауға болады

1. Домбыра қандай музыкалық аспаптар қатарына жатады?

2. Қай аймақта домбыраның көлемі шағын, пернелері аз болып келеді?

3. Қай аймақта домбыраның шанағы жұмыр, мойны ұзын болып келеді?

4. Күй орындауда қандай қағыс түрлері бар?

5. Қос ішекті домбырыдан басқа қандай түрлері бар?

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.