Наурыз мейрамы
Мәтінді оқып, тақырып таңда.
Әзербайжанда «Наурыз мейрамы» күн мен түннің теңескен күні ретінде аталып өтеді. Ел тұрғындары бұл мейрамды қатты ұнатады. Мереке күні ас дайындайды, адамдар бір-біріне бақыт пен молшылық тілейді. Дәстүр бойынша «тонгал» деп аталатын от жағып, одан жеті рет секіретін болған. Қырғыз елінде бұл мейрам айрықша тойланады. Мейрамда дастарқан жайылып, май, қант және бидай ұнынан жасалған дәстүрлі ұлттық тағам – сумелек (сүмөлөк) және көже дайындалады. Халық арасындағы сенімге байланысты «су» және «мелек» (періште) сөздерінен құралған және бұл тағам жәннат тағамы, қасиетті екендігі айтылады. Қарызынан құтылып, адамдар бір-бірімен татуласады. Көктемгі Наурыз мейрамын оңтүстіктегі көршіміз Өзбекстан да ерекше құрметтеп атап өтеді. Наурызды қалай күтіп алса, жыл толығымен солай өтеді деп сенеді. Сол себепті бір-бірін кешіріп, жақындарына сыйлық ұсынып, қуанышқа бөленген.
Дұрыс жауап саны:
1 наурыз – жыл басы
2. наурыздағы дәстүрлер
3. наурыз мерекесі қалай тойланады?
как называется этот текст, выбрать один из 3х ответов, пожалуйста
Answers & Comments
Ответ:
3.Наурыз мерекесі қалай тойланады?