4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі
Мектеп: «№30 ЖОББМ»КММ
Күні: Сыныбы:5-сынып
Мұғалімнің аты-жөні: Кудайбергенова Жазира Маликовна
Сабақтың тақырыбы
Жануарлар және тіршілік
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
О5 Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра білу:
Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру
ӘТН 3 Лексикалық норма:
Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар:
Мәтін мазмүнын түсініп, сұрақтар құрастырады. Омоним, антоним, синонимдерді қолданады.
Көптеген оқушылар:
Мәтін мазмұнын түсінеді, ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады. Омоним, антоним, синонимдерді ерекшеліктеріне сай қолданады.
Кейбір оқушылар:
Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.
Бағалау критерийлері
Оқылым мақсаты бойынша:
✓ мәтін мазмұнын түсінеді;
✓ нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алады.
Әдеби тілдік норма бойынша:
✓ мәтіннен омоним, антоним, синонимдерді анықтайды;
✓ омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.
Пәнаралық байланыс
Биология, әдебиет
АКТ қолдану дағдылары
Таныстырылым арқылы ақпарат қабылдайды.
Жоспар

Жоспарла-
натын уақыт
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Дерек
көздер





























2 минут






8 минут







Оқылым мәтіні бойынша тапсырмалар:
«Түлкі мен қырғауыл» ертегісі оқы


Түлкі мен қырғауыл
Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп:
- Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халың қалай? – дейді. Қырғауыл:
- Жақсы өзің қалай тұрасың? – дейді.
Түлкі: - Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді. Қырғауыл: - Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді.
Түлкі: - Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді.
Қырғауыл: - Жақсы хабарыңыз бар екен, рахмет достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, естісін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды артына қарамастан қаша жөнеледі.
Қырғауыл: – Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді. Түлкі: – Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп.


1-тапсырма. Берілген ертегіге қандай ат қояр едіңдер.
Мәтін бойынша үш сұрақ құрастырыңыз?

Дескрипторлар:
Ертегіге атау береді;
Мәтін мазмұнына сәйкес 3сұрақ құрастырады

2-тапсырма.

Тапсырма:
Мәтіннен синоним, антоним сөздерді табыңдар.


Дескриптор:

-​Мәтіннен синоним сөздерді тауып жазады;
-​Мәтіннен антонимін сөздерді тауып жазады.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.