Бекетай құмы ішінде Махамбет аз-кем өткенді есіне алған пішінде. Ыза-кек қайнауы ішінде. Не бітіреді, құм далада күрсінгеннен? Пендесін ақылынан адастырмайтын еркіндіктің айдау жолы тіптен жоқ болғаны ма? Қараны айтпағанда хан неге адасады, өзінің жөнсізін білмегенсіп әдейі жөн деп неге таласады? Тұйықтан шығаратын дала даналарының ақылы қайда? Ілгеріні кейін тартатындай сұмдықты түсінбегені өкінішті, ал сабыр сақтауға миы жетпегені несі? «Бас көтергендерді су түбіне батырам, тәж-тағымның жарық таңын атырам, бәрі де жүзеге оңай асады, қорқақтары бас сауғалап қашады», деп ел-жұртының, туыс-туғанының қанды қырғынға баруына жол бергені неліктен? Көп жақсылығын бір жамандық жуып-шайып кететіндігін ескермеді ме? Ғасырдан асыл туса да, еркіндікке белін буса да көксегеніне қол жетпеді. Жер дауының қантөгіссіз болмайтынын хан білмеді, обырдың жұтпасына жұтылып кететінін алдын ала аңғармады дей алмайсың. Ақылға құлақ аспауында құпия зымияндық бар.
Қара жердің топырағы түбінде бәрінің де бетін жасырады, бірақ өрмекшінің торындай қулық-сұмдықтың да арты ашылады. Келер күн, атар таң бар, келер ұрпақ зұлымдық пен ұлылықты, ақ пен қараны аңғарар деп Махамбет ауыл, ел арасында жүргендей ойларын жатарда тағы да есіне алды. Мазасыз ойдан қажып барып мызғып кеткен батыр соңғы жылдары әр басқан қадамы аңдуға түскесін сақ ұйықтайды, бейсауат адамды жанына жуытпайды, хан-сұлтандар қаһарының көтерілістен кейін бұрынғыдан бетер ушыққанына да араласпайды, у-шу, айтыс-тартыстан қажығаны, жылаған-сықтағанды жұбатуға да селқостығы байқалады. Үстемдік иелері теңдікті аяқасты тапап, талап, езгіні күшейткеніне, елді тоз-тоз еткеніне ғана күйінеді. Бірақ бармағын тістеп кіжінумен, тағдырын қара домбырадан төгілетін күймен өрнектейді, асқақ жырларымен бейнелейді. Басқаға қайран жоқ, адалдық жолдан тайған көп. Сатқындыққа бас иіп, алақанын жайған көп. Сұлтан елірді, хан халқынан жерінді, туыс-туғаннан мұжық жақын көрінді. Халық көтерілісіндегі сұрапыл қырғын талай-талай асылдардан айырды. Тектіден жақсы туатын қағиданың қанатын қайырды. Ата-бабаның сүйегі жатқан киелі жерлерде мұжықтардың шошқасы сайран салды. «Жер мемлекеттікі» деп қаскөйлер ойран салды. Құйқалы өңірді ойып алды. Қарсыласқанның көзін жойып алды.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ: