помогите пожалуйста! Мәтінді оқып, тапсырмаларды орында.
Мазмұнына қарай саяси, ғылыми, техникалық, көркем әдебиет болып бөлінеді. Әдебиет атауы көбінесе, көркем әдебиет мағынасында қолданылады. Ахмет Байтұрсынұлы оған: "Бір нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері", "Сөз өнері" деп баға берген. Әдебиет -- жалпы өнердің бір саласы. Бірақ, әдебиет қоғамдық сананың ерекше түрі есебінде шындықты логикалық ойлау жүйесімен емес, көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттелуді талап етеді. Көркем бейненің сыртқы сұлбасымен бірге ішкі мазмұнын, сырын оқырман тұшынып сезіне алатындай етіп ашады, адамның жан дүниесі мен ішкі сезім байлығын көзге елестету арқылы қоғамдық санаға әсер етеді. Оның "Өнер атаулының ең қиыны және күрделісі" (Бальзак), "Өнердің ең жоғарғы түрі" (В.Белинский) болатыны да осыдан. Қазақ та "Өнер алды - қызыл тіл" деп тегін айтпаған.
Әдебиеттің суреттейтіні -- адам. Оны жалпылай емес, нақты, тұлға дәрежесіне көтере даралап көрсетеді. Адам қашан да бір ортада өмір сүреді, еңбек етеді, сол ортада өзін жан- жақты таныта, көрсете біледі. Сондықтан әдебиет адамды "Қоғамдық қарым-қатынастардың жиынтығы" (Карл Маркс) ретінде, өз ортасының шындығымен жан-жақты байланыста бейнелейді. Дара тұлға айналасындағы тіршілікпен тұтастықта ашылады.
1)Мәтіннен ұлы адамдардың өнер туралы қанатты сөздерін жазындар.
2)Қазақ халқының «Өнер алды- қызыл тіл» деген қанатты сөздердің мағынасын
түсіндір.