Ответ:азiр адамзат өз өмiрiн ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12 сәуiрiнде Ю.Гагарин алғаш ұшқанда, ешкiм де дәл бүгiнгiдей бәрi мобильдi, бәрiн де ғарыштан бақылауға болатын заманға жететiнiн ойламаған болар. Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк. Ол үшiн ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауыз судың жеткiлiктiлiгi бақылануға тиiс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пiкiрдi мәжiлiс депутаты Мұрат Әбеновтың сөзiмен түйiндесек: «Чехияда iс-сапарда болдым. Олардың бос жатқан жерiн көрiп, неге игермейтiнiн сұрадым. Сонда олар: «Бiздер, Еуропа елдерi, «белгiлi бiр дақыл түрлерiн ғана отырғызамыз» деген келiсiм-шартқа отырдық. Бұл жер – игерiлмеуге тиiс жер, сол үшiн де ақы төлейдi» дедi. Қызық көрiп: «Сiздердi қайдан бiледi? Берген ақшаны алып, қосымша неге пайда таппасқа?» – деп сұрағанымда, «бәрi ғарыштан бақыланады» дедi. Демек, дамыған елдер бiр-бiрiмен бәсекелес болмас үшiн шектеу қойған. Егер еккен өнiм өтпей қалса, ысырап болады. Мiне, ғарыштың пайдасы» – дейдi М.Әбенов.
Жалпы Жердiң жасанды серiктерi елдiң географиялық жағдайын, геофизикалық өзгерiсiн, атмосферасын зерттейдi. Жер шарына қаупi бар апаттардың алдын алады. Сол секілді ғарышты игеруде біздің бауыр қандастарымыздың еңбегі зор.Аңызға айналған Қорқыт бабамыз жер жәннатын iздеп, дүниенiң төрт бұрышын аралап, туған топырағы – Сыр өңiрiне қайта келедi. Сонда «бұл жер – жердiң кiндiгi» дептi. Тас алып, аспанға лақтырса, тас аспанда ұзақ айналып жүрiптi. Жылдар өте ғалымдар «Байқоңырда жердiң тартылыс күшi аз, экваторға жақын, ғарышты ұшыруға ең қолайлы орын» деген қорытынды жасады. Академик С.Королев ғарыш айлағына орын iздегенде, бiрнеше өте күрделi шартты ескерген. Ғарыш айлағына айналатын жер бiрiншiден, экваторға жақын орналасуы тиiс әрi жерден ұшқан зымыран орбитаға барынша төте жолмен жетуге тиiс. Екiншiден, оның қасында мол сулы өзен болуы керек. Ондай мол сулы өзен сол кездегi Сырдария болатын. Сондай-ақ, ғарыш алаңына темiр жол өтiп, солтүстiк-батыс шалғайда кең жазық дала жатуға тиiстi едi. Байқоңырдың табиғаты осы шарттарға сай келдi. Демек, Қорқыт бабаның болжамы шындыққа айналды.
Объяснение:Эссе құрылымы дұрыс осыны жазсан немесе жіберсен болады
Answers & Comments