Келешекке кемел қадам басқан кез келген елдің арман-мұраты, мақсаты мен тілегі халқының бейбіт те тату тіршілік етіп, тыныштықты өмір сүруі екені даусыз. Бейбіт өмір – береке-бірліктің бастауы. Бұл болашаққа нық қадам басып, өркениет биігін еңсеруге жол ашады. Халқымызда «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық» деген мақал осы орайда айтылса керек.
Әрбір ұлт, әр халық бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруді қалайды. Ұрпағының амандығы – келешегінің кемелдігі. Тарихқа қарасақ, адамзат небір сұрапыл зардапты кезеңдерді бастан өткерді. Жазықсыз жандар жапа шекті. Бұл құбылыстар татулық пен бірлік кеткен жерде берекесіздік жайылатынын айқын аңғартады. Бүгінгі ХХІ ғасырдағы әлемнің, оның ішінде Қазақстанның да алдына – ел тұтастығын, ұлтаралық, конфессияаралық келісім мен рухани бірлікті сақтап, бейбітшілік үшін жан аянбай күрес жүргізу міндеті шықты.
Өткенге көз салмай, болашаққа батыл қадам жасау мүмкін емес. Ел тарихына көз салсақ, тағдырдың талай ауыртпалығын, қиын-қыстау кезеңдерді, ашаршылықты бастан өткеріп, «мың өліп, мың тірілген» бабаларымыз бірлікпен ғана бүгінгі ұрпағына осындай бейбіт те мамыражай заманды мирас еткенін көреміз.
Өз заманының абызы атанған Қабылиса жырау өзінің бір толғауында:
Бақыт қайда барасың?
Көршімен болған бірлігі,
Тағат, ғибадат тірлігі
Ұйымшыл елге барамын, – деп жырлаған екен.
Кез келген елдің, ұлт пен ұлыстардың ұлы мұраты да осы – татулық, ұйымшылдық пен бейбітшілік. Бұл ізгі тілек-ниет бабамыздың осы бір жыр жолдарында жазылып, баршамыздың санамызға сәуле құяды.
Задында, бейбітшілік пен рухани бірлік ұғымы – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттердің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды» деген сөзі кешегі тарих пен бүгінгі бейбіт заманды ұштастырады. Тағы да тарихты сөйлетсек, қазақ жеріне келіп-кеткен әр замандағы ғалым-ғұламалар, саяхатшылар, зерттеушілер пен елшілер өз естеліктерінде халқымыздың ынтымақ сүйгіш, бейбітшіл ел екенін ерекше атап жазады.
Осы асыл қасиеттер еліміздің егемендігіне де үлкен үлес қосып келеді. Бүгінде ынтымағы жарасқан Қазақстанның әлемде татулық пен бейбітшілікті сақтау ісінде үлгі боларлық ел екеніне күмән жоқ.
Әлем тыныштығын сақтау үшін елдер арасындағы татулық, бірліктің болуы маңызды. Әрине, әрдайым татулықта өмір сүру оңай емес, әсіресе мемлекет арасында. Бірақ оладамдарға да байланысты. Адамдардың толерантты болуы, өз елімен ғана шектеліп қоймай, басқа елдерді де, олардың таңдауын да құрметтеуі.
Қазір,21 ғасырда көптеген мемлекет туәелсіз өмір сүреді, және келешекте де осылай болғанын қалаймын. Елдердің тату болуы дамуына да жақсы әсер тигізеді деген ойдамын. Себебі тату елдер бір біріне көмектессе, тез көркемдеп, тәуелсіздік мәңгілік болады. Соғыс шығарғаннан ештеңе шықпайды, ғимараттар қирап, адамдар зақымдалғаннан ешкімге пайда жоқ және бұны ойлаудың өзі қорқыныш туғызады.
Татулық, бірлік, ұйымшыл болу көп нәрсені шешеді. Осылайша әлем тыныштығы орнайды
Answers & Comments
Объяснение:

Ответ:

(өзім жаздым, гуг*дан емес:)