Қалың қар жауған қыстың бір күні. Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кірісті. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалынып, дап-дайын болып тұрғанын көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы жарты сағат ерте тұрды. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыда тазаланып қойылыпты. Көршісімен кездескенде, Арман одан: « Есік алдындағы қарды қалай ғана тазалап үлгересің? Күнде тап-таза болып тұрады», – деп сұрайды. Көршісі оған: «Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп-кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өзінен-өзі тазаланып, осылай болады», – деді.(грамотный перевод)
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.