Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:
—Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.
Бала әкесіне:
— Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.
Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.
Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесіқайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткенсоң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды.Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп,баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесініңқолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - аққызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузынасалды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие,сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп,жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:
— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріпалуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын депбір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмыстықиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптенде құр боласың, — деді.
0 votes Thanks 0
SwWasti
извини , но ты мне просто отправила текст , а я просила сократить этот текст , но уже к сожалению поздно(
Answers & Comments
Әке мен бала