қазақ тілінен «Ежелгі көшпелілер мәдениеті» , «Су – тіршілік көзі» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау жұмысы

Оқу мақсаттары:
5.3.3.1 фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну,
тақырыбын анықтау
5.4.5.1 жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану


Мәтін
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Адамдар ерте кезден сауда жасаған. Уақыт өте ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-бірімен байланыстыратын сауда жолдары пайда болды. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы Чжан Цянбының саяхаты нәтижесінде ашылды. «Ұлы Жібек жолы» деген атауды 1877 жылы неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен берді.
Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалдаған — «лазурит жолы» деп аталған. Екінші тармағы – Қытайдағы императорлар мен ақсүйектерге әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын — «нефрит жолы» болған. Ал үшінші «бұлғын жолымен» қымбат бағалы терілер тасылған.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Алматы, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалалары бой көтерді.

1-тапсырма.
Мәтін мазмұнына қатысты 1 сұрақ құрастыру. (1 балл)
_______________________________________________
2-тапсырма Сұрақтарға дұрыс жауап беру
«Ұлы Жібек жолы» деген атауды кім берді? (1 балл)
Қазақстан жерінде қандай қалалар бой көтерді? (1 балл)
«Ұлы Жібек жолының» үшінші «бұлғын жолымен» нелер тасылған? (1 балл)

2-мәтін
Бұрынғы заманда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының: «Біздің отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген жалғыз армандары болыпты.
Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Ел-жұрт жиналып, үлкен той жасайды. Балаға Толағай деп ат қояды. Сол нәресте жыл сайын емес, күн сайын ержете бастайды. Бір жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар қырыла бастайды. Халықтың басына түскен қиындықты уайымдаған Толағай Дана деген ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен:
– Толағай, біздің жерімізде тау жоқ, бұлт келмейді. Сондықтан жаңбыр жаумайды, - дейді.
Толағай:
– Ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? – дейді.
Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді.
Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына жетіп, төменде орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. Арада біраз уақыт өткен соң, Толағай әлсірей бастайды. Ауылына жақындап қалғанда тізесі бүгіліп, құлап түседі. Еліне жаңбыр сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді.
Содан бері ол тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Жаңбыр жауған сайын жұрт Толағайды есіне алады екен.
3-тапсырма
Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
_______________________________________________ (1 балл)
4 - тапсырма
Мәтіндегі уақыт атауларын сан есімдермен жазып, реттік сан есімдерге айналдырыңыз. (3 балл)

Атаулар
Күн саны
Реттік сан есім ретінде
1
Апта
жеті
жетінші
2
Ай
отыз
отызыншы
3
Жыл
Үш жүз алпыс
Үш жүз алпысыншы

5-тапсырма
Бір тақырыпты таңдап, мәтін құрастырып жазыңыз ( 5 балл)
«Судың адам өміріндегі маңызы»
«Ежелгі көшпелілер мәдениеті»
Дескриптор:
тірек сөздерді қатыстырып, шағын мәтін жазады; 1
тыныс белгісін дұрыс қояды; 1
орфографиялық нормаға сай жазады. 1
мәтінде сан есім,есімдіктерді қолданады 1

Барлығы 13 балл
ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА












Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.