November 2021 1 15 Report
Қазақстан – достық пен татулық мекені. Бүгінде еліміз 130-дан аса ұлт пен ұлыстың Отанына айналды. Қазақ жері орыс, татар, өзбек, қырғыз, ұйғыр, шешен, башқұрт, қарақалпақ және тағы басқа көптеген ұлттардың бас қосқан орталығы болды. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім және барлығы да Қазақстанмен байланысқан. «Бірлік бар жерде тірлік бар» демекші, олар бір атаның баласындай өмір сүріп, Қазақстанда тұрақтылық пен тұтастық, татулық пен келісім шоғырын қалыптастырды. Еліміздің шаңырағында алаңсыз өмір сүруіміз, бірінші, xалқымыздың еңбегінің жемісі. Егер, арманы мен мақсаты қиылысқан, кемел келешекке бір көзбен қараған, ынтымағы мен бірлігі ұштасқан ұлттар болмаса, республикамыз мұнша жасамас еді. Дегенмен, әлем елдері қызғана да, қызыға да қарайтын мемлекетіміз көк аспанның астындағы бейбіт өмірінің тұғырын биік ұстауда. Себебі, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын алтын асықтай ұлдары, күміс қасықтай қыздары, данагөй қарттары бар!
Елімізді мекендейтін ұлттардың бірлікте болуының негізі тәуелсіздік алған жылдардан бастап қаланды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұлтаралық бірлікте келісімді қалыптастырудың айқын жолдарын анықтап, 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құруға Жарлық берді. Ұлттар арасында бейбітшілік пен татулықты ту еткен Ассамблеяның мақсаты белгіленіп, қазіргі таңда бұл ұйым келісім сарайына айналған. 2015 жыл «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жариялаған болатын.



Оқылым тапсырмалары

1. Мәтінде айтылған 1 дұрыс мәліметті анықтаңыз. [√] белгісін қойыңыз.
- 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды [ ]
- 1995 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды [ ]
- Қазақстан халқы Ассамблеясы 130 ұлттан құрылды [ ]
[1]
2. Бір дұрыс жауапты белгілеңіз. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру мақсаты не?
А) Келісім сарайын ашу
В) Ұлтаралық татулықты нығайту
С) Қазақ халқын дәріптеу
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.