Білімдерді дұрыс орналастырып, ертегі құрастыр. 1 Жер-Ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты. Күндердің бір күнінде Адам пайда болды. Ол құдіретті, зор, әрі сымбатты болды. Жер оған ғашық 1 болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды. Уақыт өте келе кер бетінде Адам көбейді. Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің 1 үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады.
Answers & Comments
Ответ:
Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады.
Күндердің бір күнінде Адам пайда болды. Ол құдіретті, зор, әрі сымбатты болды. Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды.
Уақыт өте келе Жер бетінде Адам көбейді.
Жер-Ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты.
Объяснение:
проверено в онлайн мектеп