Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де жақындап келіп: — Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді. Қырғауыл: — Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді. Түлкі: — Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді. Қырғауыл: — Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, – дейді. Түлкі: — Әй, достым, қазір заман бұрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, – дейді. Қырғауыл: — Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, есітсін, – дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Қырғауыл: — Қайда барасың, түлкім, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді. Түлкі: — Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, – дейді міңгірлеп. задай по тексту 5 вопросов
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
1. Түлкі қай жерді аралап келе жатады?
2. Түлкі нені көреді?
3. Түлкі неліктен қырғауылдан жерге түсіп сөйлесуін өтінеді?
4. Оған қырғауыл қалай жауап береді?
5. Түлкі неліктен қаша жөнеледі?