Жоспар; 1Жем тасыған бозторғай 2Келген қатер 3Балапандар шырылы 4БОЗТОРҒАЙ МЕН ЖЫЛАННЫҢ ЕГЕСІ. ӨЛГЕН ЖЫЛАН. Бозторғай балапандарына ертелі-кеш жем тасып жүр еді. Күн сәскеге таянғанда ұясына жем әкелген бозторғай бір қатердің үстінен түсті. Ұзындығы сала құлаш қара шұбар жылан ұяға жақындап қалыпты. Балапандар аузын ашып, шыр-шыр етеді. Бозторғай ұя мен жыланның аралығына келіп қонды. - Мына сорлы қайтеді, ей?!Жан керек болса,былай тұр жолымнан,-деді жылан басын көтеріп. -Сен менің балапандарымды жемексің,қалайша мен саған жол бермекпін?Жоқ,ол болмас - Онда өзіңді жеймін -Жей алмайсың -Не дейсің?Бозторғай жыланға қыр көрсетті дегенді кім естіген? - Кім естісе,ол естісін.Мен балаларымды тастап кете алмаймын, одан да өзімнің өлгенім жақсы - Онда кел бері,түс аузыма - Аш аузыңды Жылан аузын ашып,көзін жұмды. Бозторғайға керегі осы еді,жыланды шап беріп екі аяғымен басынан мықтап бүріп , жерден іліп әкетті.Жылан торғайды орап алмақ болып ,жиырылып әлектеніп көріп еді,ештеңе шықпады. Бозторғай шырқай көтеріліп,тү-у биіктен жыланды жайпақ тастың үстіне тастап жіберді.Содан соң жер бауырлай ұшып,оның парша-паршасы шықаннын көрді де, жөніне кетті. Бозторғай бұл ерлікке балапандары үшін барған еді.(168сөз)
Answers & Comments
Verified answer
Жоспар;1Жем тасыған бозторғай
2Келген қатер
3Балапандар шырылы
4БОЗТОРҒАЙ МЕН ЖЫЛАННЫҢ ЕГЕСІ.
ӨЛГЕН ЖЫЛАН.
Бозторғай балапандарына ертелі-кеш жем тасып жүр еді. Күн сәскеге таянғанда ұясына жем әкелген бозторғай бір қатердің үстінен түсті. Ұзындығы сала құлаш қара шұбар жылан ұяға жақындап қалыпты. Балапандар аузын ашып, шыр-шыр етеді.
Бозторғай ұя мен жыланның аралығына келіп қонды.
- Мына сорлы қайтеді, ей?!Жан керек болса,былай тұр жолымнан,-деді жылан басын көтеріп.
-Сен менің балапандарымды жемексің,қалайша мен саған жол бермекпін?Жоқ,ол болмас
- Онда өзіңді жеймін
-Жей алмайсың
-Не дейсің?Бозторғай жыланға қыр көрсетті дегенді кім естіген?
- Кім естісе,ол естісін.Мен балаларымды тастап кете алмаймын,
одан да өзімнің өлгенім жақсы
- Онда кел бері,түс аузыма
- Аш аузыңды
Жылан аузын ашып,көзін жұмды.
Бозторғайға керегі осы еді,жыланды шап беріп екі аяғымен басынан мықтап бүріп , жерден іліп әкетті.Жылан торғайды орап алмақ болып ,жиырылып әлектеніп көріп еді,ештеңе шықпады.
Бозторғай шырқай көтеріліп,тү-у биіктен жыланды жайпақ тастың үстіне тастап жіберді.Содан соң жер бауырлай ұшып,оның парша-паршасы шықаннын көрді де, жөніне кетті.
Бозторғай бұл ерлікке балапандары үшін барған еді.(168сөз)