turysbekaidaЕсімше—етістіктің түрі. Себебі есімше сөйлемде екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте қолданылады. Бірде ешқандай қосымшасыз тұрып, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беріп, анықтауыш қызметін, ал кім? не? Деген сұрақтарға жауап беріп, бастауыш не баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Көрген кезде жазық жоқ (көрген—анықтауыш), Көрмес түйені де көрмес (бірінші көрмес—бастауыш, соңғы көрмес—баяндауыш). Бастауыш не анықтауыш қызметін атқарып тұрған есімшелер есім сөздерше түрлене алады. Мысалы: айтар-ың, естімег-ім.Енді бірде жіктеліп келіп, қимылды, іс-әрекетті белгілі бір шаққа қатысты білдіреді де, сөйлемнің баяндауышы қызметін атқарады. Мысалы: Сұлтан Бейбарыс бағана кетіп қалған. Берілген сөйлемде кетіп қалған деген етістік есімше түлғасында жіктеліп келіп (кетіп қал-ған—IIIжақ) қимыл, іс-әрекетті білдіріп тұр. Атап айтқанда, Сұлтан Бейбарыстың кетіпқалуы өткен шақты білдіріп түр. Сөйтіп, бұл сөйлемдегі есімшелер (есімше тұлғалы етістіктер) белгілі бір шақты білдіріп, жіктеліп келіп, баяндауыш қызметін атқарып, белгілі заттың қимылын көрсетіп түр. Бүл—есімшенің етістікке тән қасиеті.
Answers & Comments