Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Үш тіл – заман талабы
Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі - әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ халқының ана тілі. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен берілген қасиеттер тілдің арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Отанға деген ерекше сезім де туған тіліңді білуден басталады. Тіл – халықтың рухани, мәдени байлығын дамыту құралы. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған асыл мұра. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары ескіреді, жоғалады, ал тіл - ескірмейтін ең қымбат мұра. Қазақтың ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыстіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы.
1. Мәтіннің не туралы екенін анықтаңыз. (1 балл)
A. Тіл туралы B. Өнер-білім туралы C. Еңбекқорлық туралы D. Адамгершілік туралы

2 . Мәтіннің негізгі идеясын табыңыз. (1 балл)
A. 22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері мерекесі.
B. Біздің еліміз – көп ұлтты мемлекет.
C. Туған тілді құрметтеп, қастерлеу керек.

3. Мәтіннің түрін ажыратыңыз. (1 балл)
A. әңгіме B. Сұхбат C. ертегі D. мақала

4. Мәтін бойынша дұрыс/бұрыс ақпаратты анықтаңыз. (+ белгісімен белгілеңіз). (2 балл)
№ ақпараттар Дұрыс Бұрыс
1 Ағылшын тілі- әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі
2 Отанға деген ерекше сезім де туған тіліңді білуден басталады.

5. Төмендегі мақал-мәтелдерді қолданып, тіл туралы диалог құрастырып жазыңыз. ( 3 балл)
1. Өнер алды – қызыл тіл. 2. Тілден қымбат қазына жоқ. 3 Тіл – халықтың мұрасы.

6. Өз күнтізбеңізді жазыңыз. (3 балл)
Керекті сөздер: таңертеңгі тамақ, түскі тамақ, кешкі тамақ, жаттығу жасау, сабаққа дайындалу, сабақ оқу, демалу, теледидар көру, анама көмектесу, серуенге шығу, ұйқыға жату.
7.00. – ұйқыдан тұру
7.05. - жуыну
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.