Срочно, помогите пожалуйста! Дам много баллов!
Бір күні түсте Құрмаш Көксеректі тысқа алып шығып, ас құйып жалатып тұрғанда, анадайдан шылапшынның салдырын естіген қара ала төбет үйдің көлеңкесінен шығып алып, адымды қойып еді.
Екпіндеген бетімен, жолында жасқап тұрған Құрмашқа қарамастан, келе Көксеректі бүйір жағынан келіп арс етіп қауып түсті.
Бұрынырақ кезде бұндайда асын тастап, кісіге қарап жалтақтап шығып кететін Көксерек енді зор дауыспен "гүрр" етіп, қара ала төбетті алқымынан ала түсті. Ұстаған жері құлақ шекеге жақын еді. Төбеттің мойнын бұрғызбастан қапсыра тістеп, жұлқып-жұлқып жібергенде, үлкен төбеттің арт жағы бұлғаң-бұлғаң қағып барып, Көксеректің жанына дүрс етіп сұлап түсті.
Маңайдан жұрт дабырлап жиылып қалып еді. Көксерек қара аланы тамағынан қысып буындырып тұрып-тұрып, қоя берді де, жотасы үдірейіп топтан шыға берді.
Жеңген жаудың сығымынан зорға құтылған қара ала қаңсылап жүні жығылып, бір жаққа кетті.
Осы оқиғаның ертеңінде кешке жақын ауыл жанында жатқан қойға қасқыр шапты. Дөң басындағы қойшының айғайымен қатар ауылдағы кәрі-жас, аттылы-жаяу иттерді айтақтап, түгел жүгіріп еді. Көп ішінде "Көксерек те кетті" деп, Құрмаш та жүгірді.
Бірақ қасқырға ешбір ит жете алмады. Дөң аспай, иттің бәрі де, адам атаулы да тоқтап қалды. Сам жақтағы алыстағы сары жотадан ереуілдеп, екі зор қарайған асты. Ол екі қасқыр еді. Солардың артында тұмсығын жерге салып тоқталмай ағызып, Көксерек кетіп бара жатты. Бір кезде жотадан о да асты. Артынан Құрмаш пен өзге балалар бірі артынан бірі: "Кө-ө-к-ө-к-се-ре-к! Кө-ө-к-с-е-ре-к!" деп, шақырып айқайлап жүгірді.

Тыңдалым мәтіні бойынша Көксерекке төніп келген не?
" ...Екпіндеген бетімен, жолында жасқап тұрған Құрмашқа қарамастан, келе-Көксеректі бүйір жағынан келіп арс етіп қауып түсті."
А) қара ала төбет қорықты
В) қара ала төбет басынды
С) қара ала төбет төніп келді
(можно, с примером из предложения, откуда будет взят вариант ответа)​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.