Даю 77 баллов срочно
1. тапсырма. Дәптерге жаз. Өлеңді мәнерлеп оқып, тәуелдік жалғаулы сөздерді астын сызып белгілеңдер.
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым - тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
«Кім мықты?» десе біреу Отан дер ем.
Оты сөнген жанғанда жан барсың ба
Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.
Мұқағали Мақатаев
2-тапсырма. Дәптерге жаз. Сөздерді жекеше түрде тәуелдеңдер.
Тау, күн, халық, бақыт, Отан.
Жақ-------------Тау
І Менің
ІІ Сенің
Сіздің
ІІІ Оның
Answers & Comments
Ответ:
1.тәуелдік жалғаулы сөздер:бақытым - халқым,ойымның,бармын,болмаймын,нарқым,бақытым - тілім,тіліммен,тілімдедім, түңілсем, барсың.
2.І Менің тауым,күнім,халқым,бақытым,Отаным
ІІ Сенің тауың,күнің,халқың,бақытың,Отаның
Сіздің тауыңыз,күніңіз,халқыңыз,бақытыңыз,Отаныңыз
ІІІ Оның тауы,күні,халқы,бақыты,Отаны