Демографиялық жағдайы нашар мемлекеттің (дамыған Еуропа немесе өлім-жітім көп Африка елдерінің бірі) басшысы ретінде елдегі жағдайды түзету мақсатында халыққа арнап публицисти- калық стильде үндеу жазыңдар. Сөз саны – 120-150.
senzorqq
Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамыған және дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.[1]
Answers & Comments
..........................................