Денсаулық – зор байлық. 2-сабақ

Адам неге назар аудару керектігін анықта.

Денсаулық – зор байлық.

Денсаулық адам өміріндегі ең бағалы дүние болғандықтан, әркім оған мықтап көңіл бөлуі қажет. Орынсыз ысырап етпей, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.

Адам ағзасы – табиғаттың ерекше жаратқан құбылысы. Көптеген жұқпалы дерттерге ағза өзі қарсы тұра алады. Кейде біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз.

Денсаулықты шартты түрде 100 пайыз деп алсақ, 20% тектік факторларға, 20% қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10% денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болады екен. Ал 50% адамдардың өздеріне байланысты болатыны ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.

Сондықтан денсаулығының нашарлауына әр адам өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау адамдардың өз қолында. Денсаулық жақсы болу үшін уақытты, күш-жігерді, еңбекті аямай жұмсау керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру керек.

Өз көңіл күйіне

Жұқпалы дерттерге

Өз денсаулығына

Бағалы дүниесіне​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.