Домбыра - қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көне Шумер тілінен аударғанда «кішкене садақ» деген мағына береді. Қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Аспап әр түрлі үлгіде ағаштан ойылып жасалады. Тоғыз, он бір, он төрт, жиырма төрт пернесі болады. Күй арнайы құлақтарымен келтіріледі. Аспап үні қоңыр, құлаққа жағымды әрі жұмсақ болып келеді.
Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әртүрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді. Сазды күйлер Арқа өңірінде, ал төкпе күйлер батыс аймақтарда кең таралған. Домбыра аспабының екі ішекті түрінен басқа үш ішекті, қос жақты, кең шанақты немесе «Балақай домбыра» деген түрлері бар. Домбыра аспабында халық күйлерін ғана емес, батыс және шығыс классикалық шығармаларын, танымал туындыларын орындауға болады.

2-тапсырма. Мәтіндегі ақапаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып
жазыңыз.
1.«Менің ойымша.....
2.«Себебі мен оны...деп түсінемін».
3.«Оны мен... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын.
4.«Осыған байланысты мен... деген шешімге келдім».
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.