ЭКСПО-2017» оқушылар көзімен: Не білді, не түйді?

Мақалаңды жалғастыр, негізгі бөлімін жаз. Мақалаға тән жанрлық ерекшеліктерді белгіле.


Дұрыс жауап саны: 4

Мәтін түрі – әңгімелеу

Мақалада тек бір ой төңірегінде сөз қозғалған

Мақалада диалог форматы қолданылған

Мақала «болды – болып жатыр – болады» сызбасы негізінде жазылған

Мақаланың басында өткен оқиға ойластырылған

Автордың жеке пікірі жоқ

Мәтін көбінесе І жақта берілген

Текст:9 - сынып оқушысы Қайрат Нұрасыл физика мен математиканы сүйіп оқиды Сол себепті « ЭКСПО - 2017 » көрмесіндегі түрлі техникалық бұйымдар көзіне оттай басылды . Роботтар , машиналар жасау – Нұрасылдың арманы . Халықаралық көрме оқушыны шабыттандырған . « Маған қатты ұнағаны – Жапония павильоны . Оның іші қараңғы болды , павильонға келушілер үшін үлкен әсер қалдыруды ойлаған . Жапондықтардың технологиясы электроэнергияны үнемді пайлануға арналған . Біздің елімізде жарықтың , газдың , судың бағасы қымбат әрі оларды өндіруде қоршаған ортаға зиян келеді . Мен болашақта Жапонияға оқуға барамын деп шештім . Олардың технологиясын үйреніп , білгенімді Қазақстанда жүзеге асырамын » , – деп ойларын баяндады 15 жастағы Нұрасыл . Ал Әміреқұл Елнұрға Қазақстанның павильоны ерекше ұнаған . Павильонды үш сағат бойы араласа да , шыққысы келмеген Елнұр бізбен естеліктерімен бөлісті : « Қазақстан павильонында күн жел , су , ғарыш энергиясының үлгілерімен таныстық . Павильонның іші - сырты көз тартарлық . Лифтілері , лазерлік шоулары ерекше . Қазақстанды түгелдей аралап шыққандай болдық . Бір қабаты желге , басқасы күнге , енді бірі ғарышқа арналған . Күнге де , айға де серуендеп келдік . ЭКСПО - ны аралағаныма қуанамын және елімізде осындай көрменің өткенін мақтан тұтамын » . Бақыт Даниал суретші болуды армандайды . Көбіне пейзаж салғанды жақсы көретін Даниалдың Малайзия павильонына кіргенде шабыты ашыла түскен . « Джунгли әлеміне енгендей болдық . Айналамыздың бәрі жап - жасыл болды . Кіргенде құстардың , судың даусы естілді . Отырып алып , сурет салғым келді . Шымкентке қайтқанда бәрін саламын деп ойладым . Сабақ басталып , әлі уақытым болмай жүр » , – деп бөлісті өз естелігімен Даниал ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.