Ответ:Мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі елімізде барша азаматтар үшін ұлты мен нәсіліне қарамастан темірқазық тілге айналуы керек. Басқаша болуы да мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, мәселен, өркениетті елдердің қай-қайсысына барсаңыз да, мемлекеттік тілдерінің үстем екенін байқайсыз. Сол елдің барлық азаматтары бір тілде сөйлеп, бір тілде тіршілік жасайды. Ал, бірақ ұлттары әртүрлі болуы мүмкін. Демек, мемлекеттік тілдің өзі қоғамды топтастырып, елді біріктірудегі тигізер үлес-салмағы аз емес. Осы тұрғыдан келгенде мемлекеттік тілді ардақтап, құрметтеуді әрбір қоғам мүшесі саналы түрде үйренсе дейсің. Президентіміздің жуырдағы мақаласында санамызды өзгерту жайы жақсы айтылды. Сананы өзгертудің бір ұшы мемлекеттік тілге деген оң көзқарас орнықтырып, соған сай әрекет етуге көшуде жатқан жоқ па?!
Еліміздің ұлтаралық саясаты – достыққа, бірлік пен ынтымаққа негізделіп келеді. Бұл дұрыс. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Ал енді осы құндылықтар арқылы қоғам мүшелері қазақ тілінің дәрежесін арттыруға күш салып, белсенділік танытулары керек-ақ. Бірақ ондай белсенділік әзірге байқалмай келе жатқанын несіне жасырайық. Бұған қашан және қай уақытта жетеміз? Жету үшін соған деген ниет, ықылас та, ең бастысы қолдау керек. Әрбір азамат мемлекеттік тілді меңгеріп алуды өзі үшін парыз деп білсе және соған мақсатты түрде әрекет жасаса, нәтиже де ойдағыдай болады.
Answers & Comments

Объяснение: