ЭТО ЗАДАНИЕ ПО СОР ДАЮ 45 БАЛЛОВ ПОМОГИТЕ!!!
Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының
туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық
ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы
шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі
көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір
бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет
құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп
топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек.
Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам
баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде
қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір
айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай
заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына,
өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш
туғандығы анық.
Мәтіннің жанрына тән 2 ерекшелікті белгілеңіз.
А) кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдер қамтылады.
В) өзекті мәселе талқыланып, автор көзқарасы жазылады.
С) көтерілген мәселе диалог түрінде жазылады.
D) шығарманың тіл ерекшелігі, көркем тәсілдері.
жазылады .
E) оқиғаларды, талдап-бағалайды, оқырмандарға
түсіндіреді.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.