І. Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, берілген нұсқалардың ішінен «дұрыс», «дұрыс емес», деген жауаптардың біреуін таңдаңдар. (1-5 ұпай)

Наурыз

Шығыс елдерінде жыл басы наурыз айынан басталады. Бұл күн мен түннің теңелген күні. Бұл күн баяғыдан бермен қазақтың жыл басы қып ұстап келе жатқан күні. Наурыз күні -қазақ халқы наурыз көже, нарыздама беретін күн.

     Бірақ жыл басын наурыздан бастап санау жалғыз қазақтарда ғана, өзбектерде ғана емес, дүниежүзілік халықтың бәрінде де бар десек бекер болмас.

Наурызда күн мен түн теңеледі де, жылынады. Күздігүні суықтың ызғарынан өліп қалған табиғат аспаннан құйылған жылудың әсерімен қайтадан тіріледі. Қар ериді, көл бұзылады, өзен, сай тасиды. Көк шығады.

Қазақ халқы -мал баққан шаруа халық. Қазақтың мал бағу шаруасы табиғаттың түрлі өзгеріс қалпына байланысты.

Наурыз айында қазақтың малы төлдейді. Бір малы шаруаның екеу болып, кіріс кіретін ай. Соның үшін қазақта наурыздың қадірі тағы да артығырақ.

1. Шығыс елдерінде жыл басы наурыз айынан басталады.

а) дұрыс

ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған

2. Наурыз күні – саяжайда жұмыс істейді.

а) дұрыс

ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған

3. Наурыз күні -қазақ халқы ботқа, борщ дайындайды.

а) дұрыс

ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған

4. Қазақ халқы -мал баққан шаруа халық.

а) дұрыс

ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған

5. Наурыз айында қазақтың малы төлдемеген.

а) дұрыс

ә) дұрыс емес

б) мәтінде айтылмаған

 

ІІ. Төмендегі сөздердің антонимдерін жазыңдар.     (1-5 ұпай)

Зиян —

Тез —

Қазіргі —

Табу —

Бірге —

Жинау —            

 

ІІІ. Бос орынға керекті қосымшаны жазыңыздар. -ған, -ген, -қан, -кен (1-5 ұпай)

1. Оқы _____ адам мен оқыма_____ адам бірдей емес.

2. Білім алма ____ кісі бақытты бола алмайды.

3. Жақсы адам – ғылым үйрен ____ адам мен оны басқаларға үйрет____ адам.

4. Адамның біл____імен білме____і көп.

5. Адам ізде____ нәрсесін табады.

6. Отанын сат____ адамға жақындама.

7. Күн шық____ кезде ұйықтама.

8. Өтірік айт____ адаммен дос болма.        


                  ІҮ.Лексикалық–грамматикалық тест  (1-5 ұпай)

1.Антонимдік қатар.

A) Жоғары-үлкен B) батыл-қорқақ C) Жұқа-арық D) Төмен-аласа

2.Екі сөзден бірігіп жасалған күрделі сөз.

A) Сүңгуір B) Қасірет C) Екібастұз D) Тасбақа.

3.Заттың ретін білдіретін сан есім.

A) Реттік B) Есептік C) Топтау D) Жинақтық

4. Тура мағынадағы сөз тіркесін табыңыз

A) алтын қол B) алтын сағат C) алтын адам D) ашық қол

5. Ғарышқа бірінші болып ұшқан қазақ ғарышкерін табыңыз

A) Т. Әубәкіров B) Д. Оңалбеков C) Д. Жолжақсынов D) Т. Мұсабаев

 

   Бағалау критерийлер:

 «5» -20-17

«4» - 16-13

«3» - 12-9

«2» - 8-ден төмен

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.