Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтыр. Жүгіру- денсаулық үшін аса ..... спорт түрі. Ол ерекше шығынды қажет етпейді, дегенмен ...... нығайтуға зор ықпалын тигізеді. Жүгірген кезде барлық буындар ..... түсіп, шынығады. Демек, жүгіру- сау буындардың кепілі. Жүгіру кезінде адам ағзасы..... . Термен бірге барлық зиянды заттар сыртқа шығады. Жүгіру - жүрек, қан, тамыр жүйесіне .... пайдалы. Қан .... жақсартады. Яғни ағза оттегімен қамтамасыз етіледі. Қажетті сөздер: Пайдалы, денсаулығымызды, қозғалысқа, тазарады, өте, айналымын.
Answers & Comments
Ответ:
Жүгіру- денсаулық үшін аса пайдалы спорт түрі. Ол ерекше шығынды қажет етпейді, дегенмен денсаулығымызды нығайтуға зор ықпалын тигізеді. Жүгірген кезде барлық буындар қозғалысқа түсіп, шынығады. Демек, жүгіру- сау буындардың кепілі. Жүгіру кезінде адам ағзасы тазарады. Термен бірге барлық зиянды заттар сыртқа шығады. Жүгіру - жүрек, қан, тамыр жүйесіне өте пайдалы. Қан айналымын жақсартады. Яғни ағза оттегімен қамтамасыз етіледі.