Өлеңді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орында.
АЗАТ ЕЛДІҢ АР-НАМЫСЫ – АТА ЗАҢ
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін ата-заңның білемісің?!
Ешкім де мін таға алмас елдігіме!
Дауласып жармаспайды белдігіме.
Бойында Ата заңның өріліп тұр
Даламның кеңдігі де, теңдігі де!
Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін
Әрбір заң Ата заңнан туындаған.
Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол – халықтың да нақ сенері!
«Халқыма адалмын!» - деп Ата заңға
Елбасы қолын қойып, ант береді.
Өркендеп өз қолына алған ісі
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халып боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата заң – азат елдің ар-намысы!
1.1 Көтерілген бір мәселені анықта.
1.2 Мәселеге қатысты 1 ашық сұрақ құрастыр.
1.3 Автордың осы мәселені көтеруінің себебін 2 сөйлеммен түсіндір.
1.4 Мәселе оқырмандарға қандай ой салады? 2 болжамыңызды жаз.
Пж не пешите фигню.
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
1.1. Ата заңды білу жайлы.
1.2.«Халқыма адалмын!» - деп Ата заңға кім қолын қойып, ант берді?
1.3. Әр елдің тумасы қазақ болсын, орыс болсын , жас немесе кәрі болсын Ата заң бәріне бірдей.Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу және сол заңға бағынар болсақ елімізде тек әділеттілік пен тыныштық орнайтыны хақ.
1.4 Ата заңдағы өзімізге керектісін ұғынып, халық болып қадірлесек, өз құқығымызды білсек өмір сүруде оңайға түсер еді. Қазіргі кездеде осы Ата заңның арқасынды бәрі әділ түрде өтеді, қылмыстық әрекет жасаса өз жазасын алады деген сияқты.
Біз құқықтық мемлекет болған соң, әрбір адам өз құқықтарын жетік біліп, жалпы заң білімі саласынанда білгені дұрыс. Заңды аттамай тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді.
Объяснение: