мәтінде не туралы айтылады?
І. Осы жиынға екі жолдасынан бұрын түскен Абай көп ішінен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:
– Әй, шырағым балам, әуелі аржағыңда әкең тұр... Сәлем бер! - деді.
Абай сонда барып, анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісімен әңгімелесіп тұрған әкесі Құнанбайды көрді. Ыңғайсыздықтан қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды.
ІІ. Байтас пен Жұмабай, Абай - үшеуі жамырай сәлем берді. Құнанбай тез бұрылып сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Баласын қасына да шақырмады. Абайға қарап алып:
– Балам, бойың өсіп ержетіп қалыпсың-ау! Бойыңдай боп білімің де өсті ме? - деді. Шынымен, жай білгісі келгені ме әлде астарлы ойы бар ма?
Бала ес білгеннен бері әкесінің қабағын танып өскен. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезін білетін ол сабырлы пішінмен:
– Шүкірлік, әке, - деді, - ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, хазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым, - деді.
Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл ерте әзірлеген жауабы еді.
ІІІ. Кезек өз шешесіне келгенде, қатты бір қысып, бауырына басып, маңдайынан иіскеді. Бірақ бауырына басқанның өзінде Абайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы!..
– Әжеңе бар, әнеки! - деп үлкен үйге қарай бұрып жіберді. Кәрі әжесі Зере бәйбіше таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен.
– Жаман неме, мені есіңе алмай, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме! – қасына, құшағына немересі барғанда, «жаман неменің» артынан лезде:
– Қарашығым, қоңыр қозым... Абайжаным... - деп кемсеңдеп, жылауға айналды. (М. Әуезов «Абай жолы» үзінді)
ІY. Қарт десе, шаңырағына құт-береке дарытып отырған ақ сақалды ата мен ақ жаулықты әже елестейді. Өкінішке қарай, перзент атаулының бәрі ата-анасын алақанына салып аялап отырған жоқ. Өзін дүниеге әкеліп, ұйқысын төрт бөлген анасын, мойнына мінгізіп еркелеткен әкесін қартайғанда өзектен тепкен қатігез балалар да жетерлік. Болмаса, үй-күйі жоқ қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау мақсатында 1950-60 жылдары құрылған мекемелер қуатты ұлы бар ақсақалдың, дәулетті қызы бар кейуананың құтты мекеніне айналар ма еді?! (Анар Лепесова «Түркістан» газетінен)
Ана құшағы
Әкені құрметтеуге тәрбиелеу
Әке сыны
Қарттар мекені
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.