Мәтінді оқы. Жаңа сөздерді тауып, жасалу
жолдарын түсіндір.
Балалар, киім кию мәдениетіндегі қандай мезгілдік өзгеріс-
терді білесіңдер?
Сәндік өзгерістер, әрине, ұзақ сақталмайды, өйткені адам ба-
ласы әр уақытта жаңалыққа, түрленуге ұмтылады.
Сән стилінің алмасу процесі жүріп жатыр. Сөз жоқ, үш-
төрт жылдан кейін ол өз шыңына шығады және сол шында бес
жылдай үстемдігін ұстайды. Одан кейін бір сәннің орнына ке-
лесі сән алмасып келіп отырады. Сәнді киім стилінің алмасу
процесі он жыл уақытқа созылады. Бұл циклдер әр ғасырда күн-
тізбелік онжылдықтармен сәйкес келеді, сондықтан «20-жыл-
дардың сәні», «50-жылдардың сәні» т.б. деп айтады.
Жаңа сән үлгілерін халыққа жеткізіп таратушы - актерлер,
музыканттар, танымал сәнқұмарлар.
Тәуелсіз Қазақстанның сән өнерін бағындырған дизайнерлер
Құралай Нұрқаділова, Аида Кауменова, Оксана Корби, Балнұр
Асанова және т.б.
(Сән колледжіне арналған оқулықтан }
Answers & Comments
Ответ:
процес-даму,ілгері жылжу
цикл-дөңгелек процесті осылай атайды