Напишите эссе на тему Ғаламторды дұрыс пайдалану- мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланабаған ғаламтор адамзатқа қауіпті" деген пікірмен келісесіз бе? Неге? Тақыпыпқа қатысты күрделі сөздерді қолданып жазының. Жазылымда ыңғайлас, қарсылықты, тусіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді қолданыныз 60-70слов пж срочно!
Answers & Comments
Ответ:
Ғаламторды дұрыс пайдалану- мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті" деген пікірмен толықтай келісемін. Себебі, ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз, атап айтқанда ғаламторсыз елестету қиын. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Дегенмен, ғаламторды дұрыс пайдалана білеміз бе, бар мәселе осында. Дұрыс пайдалану дегеніміз - ең алдымен ғаламторға тәуелді болмай, яғни бар бос уақытыңды сарп етпеу керек деп ойлаймын. Одан кейін түрлі сілтемелердің барлығын баса бермей, абай болу керек. Өйткені қазіргі таңда ғаламторда алаяқтық кеңінен тарап кетті. Сондай алаяқ адамдардың қармағына түсіп қалмас үшін, бөгде сайттарға кірмей, байқау керек. Одан қала берсе, қазіргі таңда ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді. Міне, осының бәрі ғаламтордың кері әсері деп білемін. Бірақ, дұрыс пайдаланған ғаламтор таптырмас пайдалы құрал екені айдан анық. Себебі оның көмегімен біз кез келген құжатты басып, шығара аламыз; қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі бар; Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі және әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Сондықтан да осынау пайдалы құрылғыны дұрыс әрі тиімді жағынан пайдалана білейік!