Напишите небольшой текст на тему "Солтүстік Қазахстан аймағы"
Answers & Comments
zhanel053
Ауданның жер бедері негізінен жазық. Оңың солтүстік және шығыс бөлігін Солтүстік қазақ жазығы алып жатыр. Бұл далалы жазықтықта табақша тәрізді ойпаңдар және олармен алмасып келетін қырқалар көптеп кездеседі. Олардың көпшілігінде тұщы және тұзды көлдер орналасқан. Құрғақшылық жылдары олардың кейбіреулері құрғап қалады. Оңтүстікке және оңтүстік-шығысқа қарай Солтүстік қазақ жазығы біртіндеп биіктеп, Көкшетау қаласының оңтүстігінде әсемдігімен "Қазақстан Швейцариясы" деген теңеуге ие болған көркем қыратпен (Көкшетау қыраты) алмасады. Онша биік емес, бірақ құзды-жарлы, қырқалы және қарағайлы-қайыңды ормандармен көмкерілге тау жоталары ғажайып суретке ұқсайды. Тауаралық ойыстардағы көлдер және олардың жағаларындағы әр түрлі пішіндегі дөңбек тастар мен шың-құздар ерекше ғажайып көріністер береді. Ауданның батысында Торғай үстіртісозылып жатыр, ал солтүстігінде төбелі, көтеріңкі жонды жазықтар және тайыз көлді ойпаңдар, оңтүстігінде теп-тегіс қыраттар кездеседі. Торғай үстіртін солтүстіктен оңтүстікке қарай ені 20-75 км, табаны тегіс болып келетін Торғай қолатыкесіп өтеді
Answers & Comments