Оқылым.
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңдар.
Отбасы – кішкентай Отан, табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Отбасы – ең басты тірек, бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Жеке адамды тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам. «Отан – отбасынан басталады» деген нақыл сөзді дәлел ретінде алсақ болады. Отбасында құндылықтар мол болуы керек. Әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленсе, болашақта жақсы азамат болып шығады. Бұл қасиеттер тек тәрбие арқылы келетінін ұмытпауымыз керек. Қазіргі кезде өмір сүріп жатқан жастар осы құндылықты бағалай алмайтын сияқты. Себебі отбасындағы бала тәрбиесін түрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыруда. Кез келген адамның ержетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның санасында көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
1. Мәтінге тірек болатын сөздерді тауып жаз (7-8 сөз) – 1 балл
______________________________________________________________
2. Мәтіннен 5 сын есімді тауып жаз – 1 балл
______________________________________________________________
3. Берілген сөздердің синонимі мен антонимін тап – 2 балл
отбасы (синоним)-
алғашқы (антоним)-
4. Мәтіннің негізгі ойы қандай? – 1 балл
А) Отбасында баланы тәрбиелемей-ақ қоюға болады
В) Әр отбасында тәрбиеленіп жатқан ұрпақ отбасылық махаббатқа, ата-ана мейіріміне бөленсе, болашақта жақсы азамат болып шығады.
С) Отбасындағы бала тәрбиесін түрлі гаджеттер мен планшеттер алмастыра алады.
Дескриптор:
- тірек сөздерді табады;
- сын есімдерді табады;
- сөздердің синонимі мен антонимін табады;
- мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
Жазылым.
5. Ұсынылған тақырыптардан біреуін таңдап, эссе жаз. (55-60 сөз) – 5 балл
1. «Менің сүйікті жазушым»
2. «Ата-анамды үлгі тұтамын»
3. «Туған жерім – алтын бесігім»
Дескриптор:
- Ұсынылған сөз нормасын ұстанады – 1 балл
- Тақырыбын ашады – 3 балл
- Пунктуациялық, орфографиялық нормаларын сақтайды – 1 балл
Жалпы: 10 баллг
Answers & Comments
Ответ:
мен білем бжб да но мен мында сала алмайм номер берші