1 Ақсу-Жабағылы – Орталық Азия мен Қазақстанның ішінде алғаш ашылған қорықтардың бірі. 1926 жылы гидробиолог А. Л. Бродский қорық құрылымының басы-қасында болады. Мемлекеттік қорғаудағы табиғи қорық Батыс Тянь-Шаньдағы Талас Алатауы жотасының батыс бөлігінде орналасқан. Ақсу-Жабағылы теңіз деңгейінен 1300 метрден 4200 метрге дейінгі биіктіктегі таулы өңірді алып жатыр. Қорық сан алуан жануарлар мен өсімдіктерге бай. Оның аса үлкен емес аймағының өзінен Еуропаның, Солтүстік Африканың, Алдыңғы және Орталық Азияның түрлі ландшафтарына тән жануарларды кездестіруге болады.
Ақсу-Жабағылы емдік қасиеті бар мекен саналады. Себебі ол жақтың ауасы таза және дәрілік өсімдіктерге өте бай. Онда 200-ден астам дәрумен болатын өсімдік түрлері өседі. Қорықтың өсімдік қоры жалпы алғанда 1737 түрге ие.
2 Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер кітабы - Қызыл кітабы. Оның мұқабасының тысы қызыл. Бұл түстің таңдалып алынуы кездейсоқ емес. Қызыл түс үрейдің, қауіп-қатердің белгісі іспетті ғой.
Кітап жер бетінен жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің жоғалып кету қаупі төнгенін алдын ала ескертеді.
Мәселен, керіктер, орангутандар, қолтырауындар, жолбарыстар, қабыландар өте сирек ұшырасатын болды. Олар Қызыл кітапқа жазылып, қорғауға алынды.
Еліміздің Қызыл кітабына тау барысы мен қоқи қаз, құлан мен бүркіт, қарақұйрық пен ақ тырна, бұқар бұғысы мен аққулар, тағы басқа толып жатқан аңдар мен құстар енгізілген.
Кезінде жабайы бұқалар - зубрларды қорғап қалғаны сияқты, бұл жануарларды да қорғауға тырысып жатыр және міндетті түрде қорғап қалады.
1927 жылы бүкіл дүние жүзінде бар болғаны 48 ғана зубр сақталып қалған еді, олардың өзі де бостандықта емес, әр елдің хайуаннаттар паркінде жүрген.
Ал қазір тек біздің елдің ормандарында ғана бұл жүндес алып хайуандардың мыңнан астамы жайылып жүр. Бұл - зубрларды көптен бері қорғауға алғанның пайдасы. Оларды аулауға тыйым салынған. Қорық қызметкерлері олардың әрқайсысының денсаулығын бақылайды, жұтаң қыстарда шөп беріп қоректендіреді.
Құндызды да біржола құрып кетуден сақтап қала алдық. Бейшара құндыздарды XX ғасырдың басына таман оның терісіне бола мүлдем қырып бітіруге таяп еді. Бірнеше жүз аң бұл апаттан кездейсоқ аман қалған. Адам қамқорлығының арқасында олар қазір мыңдап саналады.
Біз тек жануарлар мен өсімдіктерді ғана емес, сондай-ақ бүкіл қоршаған ортаны - өзендерді, көлдерді, ормандарды да қорғаймыз. Судың таза болуының қамын жасаймыз - оны өзіміз ішеміз ғой. Ауаның таза болу қамын ойлаймыз - онымен өзіміз тыныстаймыз ғой. Бізде табиғатты қорғау туралы заң бар, оны бұзуға ешкімге рұқсат жоқ.
Құс ұясын алыстан бақылайсың ба - құп. Ал оларға тиюге, тіпті жақындауға - рұқсат жоқ!
Құмырсқаның илеуін бақылайсың ба - құп! Ал оны талқандауға - рұқсат жоқ! Құмырсқалардың орманға тигізетін пайдасы зор: олар ағаштар үшін зиянды жәндіктердің ұрықтарын жояды.
Answers & Comments
Ответ: