aizoo00
Кәдеңзге жарасын! Жоспары: І. Кіріспе. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. ІІ. Негізгі бөлім. Елім деп соғар жүрегім. ІІ. 1. Көне жазбалардағы патриоттық құндылық. ІІ. 2. Даналардан шыққан сөз. ІІ. 3. Ата - баба ерлігі ұрпаққа үлгі. ІІІ. Қорытынды. Мен - патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын. Кез - келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата - ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді - өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап. Осы құдіреті күшті кітап арқылы біз өзімізді патриот болуға тәрбиелей аламыз. Ал енді Патриот дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз. Жалпы «Патриот, Патриотизм» - дегеніміз кең ауқымды, көп сатылы ұғым. Яғни оны қатып қалған бір сөзбен немесе бір сөйлеммен, немесе бір пікірмен түсіндіру мүмкін емес. Патриотизм - ұғымының түп тамыры гректің «патрис» деген сөзінен шыққан. Ол қазақ тілінде – «Отан», «Атамекен» - деген мағынаны береді. Патриот болу ол қиын нәрсе емес, өзіңнің тіліңмен, еліңмен мақтансаң, міне сен патриотсың. Патриот болу тек қана ұлттық киім киіп немесе халық әндерін тыңдау емес, тіпті бұларды істемеуге де болады. Ең бастысы сен отанға адал қызмет етіп, еліңмен мақтанып жүрсең, бұның өзі отанға деген махаббатты білдіреді. Көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былайша суреттеледі: «Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді», – дейді. Немесе сол жазбада “Ей, Түріктің бектері, халқы! Сендер алауызсыңдар, таққа кіріптарсыңдар. Ағалы - інілінің дауласқандығынан, бекті - халқының жауласқандығынан, дұшпаныңның сөзіне алданғандығыңнан қағандығыңнан, елдігіңнен, төріңнен, билігіңнен айырылдың. Жер - жерге босып сандалдың. Біресе ілгері шаптың, біресе кері шаптың, барған жерде не пайда таптың? Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды. Түрік халқы, өкін!” дейді. Сай - сүйегіңді сырқырататын осы сөздерді Күлтегін ескерткішінен оқимыз. Басынан кешкендерін мәңгі өшпестей етіп жүрегінің қанымен, көзінің жасымен бабалар тасқа осылай, қашап жазып кеткен. Осы көне жазу арқылы қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болмағанын, ол ежелден бері қалыптасқанын байқаймыз. Ықылым заманда жазылып, бізге дейін жеткен «Қорқыт Ата» кітабында тәлімдік мәні күшті, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көп кездеседі. Мысалы, «Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық» – дейді. Бұл өсиет сөздерден ақыл - парасат, өтірік айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар ұлы даланың байтақтығын, әдемілігін көрсетеді. Бұл пайым сөз - дер әр қазақтың мақтаныш сезімін тудыратыны анық. Қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш. Уәлиханов өзінің патриоттық сезімін былай жеткізеді. «Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған - туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл - аймақ, ел - жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін», – деген. Бұл тұжырымнан патриотизм отбасынан бастау алып, әулет, тумаластарға деген сүйіспен - шіліктен барып халыққа деген махаббат және сол кездегі алдыңғы қатарлы ел - дердің бірі Ресейді атап көрсетуі де патриотизмнің халықаралық мәдени қатынастардың да негізі екенін көрсетеді. Хәкім Абай қашанда тазаруға, бауырмалдыққа, әділеттілікке шақырады: Махаббат пен жаратқан адамзатты, Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп, Және сүй, хақ жолы деп әділетті.- дейді. Осыдан жүз жыл бұрын Абай қазақ намыстан, ар - ұяттан, береке - бірліктен айырылды деп күңіреніп еді. Құлдық санаға уланған ұрпақ сол Абай айтқан намыс, ар - ождан, береке - бірлікпен қоса, тілімізден, дінімізден, қайырымдылықтан, мейірімділіктен айырылып қала жаздадық. Елдің елдігін сақтап тұратын – намыс.
aizoo00
Намыссыз жұрт елін де, жерін де қорғай алмайды. Көрінгеннің шылауында кетеді. Міне, Абай өле - өлгенше осыны айтып кетті. Қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлы «Соғыс психологиясы» атты шығармасында адамның жеке психологиясының сырын ашқан.
aizoo00
Ол: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман - саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым - қатынасын біріктіреді», – деп терең, жан - жақты анықтама берген.
aizoo00
Біздің ата - бабаларымыздың патриот болғанын олардың елін, жерін қорғауы мысал бола алады. Хандарымыз, батырларымыз күн демей, түн демей елін қорғаған, олардың жасаған ерліктері бізге, яғни ұрпаққа үлгі. Олардың ерліктерін оқып отырғанда кеудеңді мақтаныш сезімі кернеп, отанға деген махаббатымыз оянады. XIX ғасырда адай елінде Балуанияз және Тұрмамбет атты батырлар өмір сүрген. Олар кез - келген жауды жер жастандыратын, еліне тигенді жайрататын батыр болған.
aizoo00
https://www.zharar.com/kz/shygarma/10029-patriot.html толық
Answers & Comments
Жоспары:
І. Кіріспе.
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.
ІІ. Негізгі бөлім. Елім деп соғар жүрегім.
ІІ. 1. Көне жазбалардағы патриоттық құндылық.
ІІ. 2. Даналардан шыққан сөз.
ІІ. 3. Ата - баба ерлігі ұрпаққа үлгі.
ІІІ. Қорытынды.
Мен - патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді, ділімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын. Кез - келген адамды отансүйгіштікке тәрбиелейтін ең бірінші - ата - ана тәрбиесі, екінші - ұстаздардың тәлімі. Ал өзіңді - өзің отансүйгіштікке тәрбиелегендегі тірегің ол - кітап. Осы құдіреті күшті кітап арқылы біз өзімізді патриот болуға тәрбиелей аламыз. Ал енді Патриот дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз. Жалпы «Патриот, Патриотизм» - дегеніміз кең ауқымды, көп сатылы ұғым. Яғни оны қатып қалған бір сөзбен немесе бір сөйлеммен, немесе бір пікірмен түсіндіру мүмкін емес. Патриотизм - ұғымының түп тамыры гректің «патрис» деген сөзінен шыққан. Ол қазақ тілінде – «Отан», «Атамекен» - деген мағынаны береді. Патриот болу ол қиын нәрсе емес, өзіңнің тіліңмен, еліңмен мақтансаң, міне сен патриотсың. Патриот болу тек қана ұлттық киім киіп немесе халық әндерін тыңдау емес, тіпті бұларды істемеуге де болады. Ең бастысы сен отанға адал қызмет етіп, еліңмен мақтанып жүрсең, бұның өзі отанға деген махаббатты білдіреді. Көне түркі заманынан бастау алған патриоттық құндылық Күлтегін жазбаларында былайша суреттеледі: «Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана сүтімен сіңді», – дейді. Немесе сол жазбада “Ей, Түріктің бектері, халқы! Сендер алауызсыңдар, таққа кіріптарсыңдар. Ағалы - інілінің дауласқандығынан, бекті - халқының жауласқандығынан, дұшпаныңның сөзіне алданғандығыңнан қағандығыңнан, елдігіңнен, төріңнен, билігіңнен айырылдың. Жер - жерге босып сандалдың. Біресе ілгері шаптың, біресе кері шаптың, барған жерде не пайда таптың? Бек ұлдарың құл болды, пәк қыздарың күң болды. Түрік халқы, өкін!” дейді. Сай - сүйегіңді сырқырататын осы сөздерді Күлтегін ескерткішінен оқимыз. Басынан кешкендерін мәңгі өшпестей етіп жүрегінің қанымен, көзінің жасымен бабалар тасқа осылай, қашап жазып кеткен. Осы көне жазу арқылы қазақ халқының бойындағы ұлттық патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болмағанын, ол ежелден бері қалыптасқанын байқаймыз. Ықылым заманда жазылып, бізге дейін жеткен «Қорқыт Ата» кітабында тәлімдік мәні күшті, қанатты сөздер мен ұстаздық ұлағаттар көп кездеседі. Мысалы, «Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе. Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі. Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана құрсағында шырланып тумағаны жақсы. Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді. Өтірік өрге баспайды, өтірікші болғаннан жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық» – дейді. Бұл өсиет сөздерден ақыл - парасат, өтірік айтпау, атаның атын былғамау туралы ойлар ұлы даланың байтақтығын, әдемілігін көрсетеді. Бұл пайым сөз - дер әр қазақтың мақтаныш сезімін тудыратыны анық. Қазақтың тұңғыш ғалымдарының бірі Ш. Уәлиханов өзінің патриоттық сезімін былай жеткізеді. «Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған - туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл - аймақ, ел - жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін», – деген. Бұл тұжырымнан патриотизм отбасынан бастау алып, әулет, тумаластарға деген сүйіспен - шіліктен барып халыққа деген махаббат және сол кездегі алдыңғы қатарлы ел - дердің бірі Ресейді атап көрсетуі де патриотизмнің халықаралық мәдени қатынастардың да негізі екенін көрсетеді. Хәкім Абай қашанда тазаруға, бауырмалдыққа, әділеттілікке шақырады: Махаббат пен жаратқан адамзатты, Сен де сүй, ол Алланы жаннан тәтті. Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп, Және сүй, хақ жолы деп әділетті.- дейді. Осыдан жүз жыл бұрын Абай қазақ намыстан, ар - ұяттан, береке - бірліктен айырылды деп күңіреніп еді. Құлдық санаға уланған ұрпақ сол Абай айтқан намыс, ар - ождан, береке - бірлікпен қоса, тілімізден, дінімізден, қайырымдылықтан, мейірімділіктен айырылып қала жаздадық. Елдің елдігін сақтап тұратын – намыс.