Переведите пожалуйста
Алтын адам.
Астанада мұражайлардың түр-түрi бар. Балалар оларды аралап, көп қызықтады. Әсiресе, археология мұражайына жасалған экскурсия оларға қатты ұнады. Мұражайдағы экспонаттар қазiргi Қазақстан жерiнде ерте замандарда қандай тайпалар мекендегенiн бiлдiредi. Археологтар табылған еңбек құралдары, ыдыстар, әшекей бұйымдарға қарап, бiздiң ата-бабаларымыздың қалай өмiр сүрiп, немен шұғылданғандарын анықтап отыр. Балалар бiр экспонаттың жанынан көпке дейiн кетпедi. Онда жас ханзада – сақ жауынгерiнiң бастан-аяқ алтынмен әдiптелген киiмi қойылған. Оның дулығасы мен кiреуке сауытына зергер бабамыздың бiрi адамдардың, аңдардың, құстардың, ағаштардың, таулардың суретiн бейнелеп, алтын табақшалармен әшекейлеген. Осы жауынгер киiмiн әшекейлеген алтындар Есiк қорғанына екi мың жылдан астам уақыт жатса да, күнi бүгiнге дейiн сақталған.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.