Переведите пожалуйста
Жер жанаты-Жетісу
Ақындардың жырына арқау болған жер жанаты Жетісу. Ақ бас шыңдар басынан тастан-тасқа секіріп сарқырай аққан өзендер, қыз жанарындай мөлдіреген көлдер мен бау-бақшалы Жетісу жері өзінің сұлу табиғатымен тартымды. Қасиетті Жетісу жерінің қойнауы да тарихқа тұнып тұр.
Алматы облысы еліміздің оңтүстік-шығысында орналас¬қан. Жерінің аумағы 224,0 мың шаршы шақырым. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала бар. Облыс тұрғындар тығыз орналасқан аймақтардың бірі. Жетісу аумағында 2 миллионнан аса адам тұрады, оның 70 пайызы қазақтар. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.
Облыстың табиғаты мен жер бедері әртүрлі болып келеді. Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап.Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жоңғар қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауының сілемдері толығымен қамтыған. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы — Бесбақан (4442 м) көк тірейді. Оңтүстік және оңтүстік-шығысында Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің жоталары жатыр.
Answers & Comments