Переведите пожалуйста!!!
Астана қаласының символы- "Астана- Бәйтерек". Ол ашылып келе жатқан қызғалдақ сияқты. Бәйтерек үш бөліктен тұрады. Жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаю, өркендеу кезендерінің нышанын айғақтайындай. Мұнараға кіреберістегі холда белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың өнер туындыларының көрмесі көрермендерді толғанысқа бөлеп, шаттыққа кенелтеді. Ал Даму кешенінің орта бөлігі ағаш діңгегі тәріздес. Онда аспанға асқақтауды бейнелейтін Mitsubishi фирмасының екі жеделсатысы қондырылған. Бұл жеделсатылар келушілерді жаңғыру ағашының диаметрі 22 метрлік діңгегіне – Алтын шарға тез арада шығара алады. Шардың ішінде жеделсатылық холл, дәмхана, панорамалық зал орналасқан. Ең жоғарғы жағында Аялы алақан композициясын тамашалауға болады, яғни Бәйтерек идеясының авторы Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының таңбасы бар күміс тұмар бар. Оған қол тигізгенде спираль түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылса, Қазақстанның Гимні ойнай жөнеледі.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.