Переведите пожалуйста на русский очень надо!
Бүкіл əлемде болып жатқан қазіргі заманғы зор өзгерістерге байланысты журналистика да жаңа көзқарасты, жаңа үғымды, жаңаша ойлауды қажет етеді. Уақыт өткен сайын ішкі-сыртқы саясат баспасөз, радио мен тележурналистиканың алдына тың міндеттер қояды Ондай міндеттерді орындау үшін бүкіл коллектив болып,ізденістер жасау арқылы жұмыс істеу қажет. Бұл орайда-журналистердің интеллектуалдық тәжірибесін қолданбай болмайды. Әсіресе, бұл салада халықаралық тәжірибелерге ерекше назар аударып отыру қажет. Мәселен, дамыған шетелдерде бүгінгі ақпарат құралдары қалай жұмыс істейді, соған назар аударған жөн. Ол үшін олардың жұмысына, журналистік творчествосына талдау жасап, қорыта білу керек. Мұндай тәжірибе алмасу материалдар, хабарлар дайындауда түр мен стильді жаңартуға, уақыт өзгерісіне сай хабарлар беруге мүмкіндік жасайды. Стандарттан қашып, тапқыр әрі қызықты материалдар беруге пайдасын тигізеді. Газеттің, радио мен телехабардың мазмұны мен характерін, тақырыбын, идеясын түрлендіруге, дамытуға әсер етеді. Қоғамның моральдық-саяси ахуалын жақсартуға, ескі ұғымда қалып қоймауға, жаңалықтарды дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Ой тереңдігіне, сөздің өткірлігіне, тележурналистердің барлық қабілеті мен шеберлігін дамытуға ықпалы тиеді. Халықаралық тәжірибе мен жетістіктерге сүйену, Сонымен бірге әрбір журналистің немесе коллективтің жетістігін онан сайын толықтыруға, дамытуға игі әсер етеді. Демократиялық қоғам құру үшін бұқаралық ақпарат кұралдары көп жүмыс істеуі тиіс. Бұл өмірге тереңдеп ену, шындықты айту, қажетті де, актуальді фактілерді таба білу, оны зерттеп, халыққа ұсыну үлкен жауапкершілікті тілейді.
Answers & Comments