Переведите текст на русский.
Қазіргі таңда өмір бойы білім алу идеясы өмірге келді. Ол уақыт қажеттілігінен туып отыр. Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаев “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” атты Қазақстан халқына Жолдауында:
“Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс”,—деген болатын.
Үздіксіз білім алу өмір талабына айналды. Табысты және қоғамға қажет болғысы келген адам өмір
бойы оқиды.
Өмір бойы білім алу—үлкен міндет. Қазіргі жастар бір салада жұмыс істеумен шектелмейді,
өз мамандықтарын алмастырудан да қорықпайды. Олар әр салада жұмыс істеп, өз қабілеттерін
сынауды жөн көреді. Бұл құбылыс тек жастарға тән емес, заман талабына сай үлкендер де қосымша
курстарды аяқтап, басқа мамандықтар бойынша жұмыс істеп жүр. Дегенмен дипломның саны
емес, білімнің сапасы үлкен рөл атқарады. Олай болса, мамандықтың көптігі адамның өз қабілетін
арттыруға жұмсалуы керек.
Білім беру жүйесінде қызмет етіп келе жатқан көптеген мұғалімдер де өз білімдерін өмір бойы
жетілдіруді қалайды. Өйткені барлық жаңашылдық мектептен басталады. Сондықтан мұғалім
де жаңа заман талабына сай болуы керек. «Білген адам білімді өмір бойы іздейді»,—деп Ахмет
Йүгінеки айтқандай, өмір бойы білім алып, білімді болу—қоғамда өз орнын табудың кепілі. Білім—
ешқашан жойылмайтын инвестиция. Оған салған барлық қаржы он, тіпті жүз есе болып қайтады.
Білім алудан жалықпайық, досым!
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.