Переведите
Зергерлік өнер – қазақ қолөнерінің бір түрі. Зергерлік өнер Ұлы дала
елінің сән-салтанатын, байлығын, биік талғамын көрсетеді. Зергерлер
көбінесе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасайды. Сәндік бұйымдарға
білезік, сақина, жүзік, сырға жатады.
Сырға - құлаққа тағатын сәндік зергерлік бұйым, «Сырға тіл-көзден
сақтайды» деген түсінік бар. Құлаққа сырға таққанда: «Құлағың ауырма-
сын, жаман сөз естіме, ажарлы бол!» - деп тілек айтқан.
Білезік – ертеден келе жатқан білекке тағатын сәндік бұйым. Кыз
бала 3-4 жасқа келген кезде ата-анасы білезік соқтырған, Білезікті екі
қолға, кейде бір қолға тағады. Кейде бір қолға екі білезік тағады. Әшекей
бұйымдарды «Қыз бала сән-салтанатта өссін!» деген оймен алтын-күмістен
соқтырған. Білезік бергенде: «Қолың өнерлі болсын!» – деп тілек айтқан.
Сәндік бұйымдар оюмен әшекейленген.
Жүзік — қыздар мен әйелдердің саусағына тағылатын зергерлік бұйым,
Зергерлер жүзікті асыл тастармен безендіріп, ою-өрнекпен әшекейлеген.
Зергерлік бұйымдар қазақ өнері мен мәдениетін паш етеді.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.
More Questions From This User See All

рекомендуемые вопросы

Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.